Новость #479 Статистика

ТМД жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорларының Кеңесі

2017 жылдың 20 сәуірінде Әзірбайжан мемлекеттік аграрлық университетінде ТМД жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оның жұмысына посткеңестік кеңістіктің 7 елінен 20-дан астам жоғары оқу орындарының басшылары, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, ірі агроқұрылымдардың басшылары қатысты.

photo
photo
Кеңестің жұмысы «ТМД елдерінің агроөнеркәсіптік кешені үшін өсімдіктерді қорғау бойынша кадрларды дайындау» мәселелеріне арналған.
Отырыста ТМД елдерінде өсімдіктерді қорғаудың заманауи жай-күйі, агробизнестің өсімдіктерді қорғау бойынша жоғары оқу орындары түлектеріне, өсімдіктер карантині саласындағы мамандарды дайындау сапасына қоятын талаптары және т.б.

photo
Отырыста ұйымдастыру мәселелері де қаралды. Кеңесінің жаңа Төрағасы болып Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, профессор Т.И. Есполов сайланды.
Кеңестің келесі отырысын Молдова Мемлекеттік аграрлық университетінде өткізу туралы шешім қабылданды.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты