Новость #991 Статистика

Тілектес Есполов: Заманауи технологиялар еңбек өнімділігін арттырады

      Еңбек өнімділігі деңгейіне өндірістік-техникалық базаны жақсарту, адам ресурсы мен ұйымдастырушылық басқару тетіктерін дамыту факторы әсер ететіні белгілі. Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығында бір жұмысшыға өндірілген өнім көлемі шамамен 3,6 мың АҚШ доллар ғана.
Дамыған елдерде бұл көрсеткіш орта есеппен 50-70 мың долларды құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемле­кет­тік бағдарламасында еңбек өнім­ді­лігінің көрсеткіші 2015 жылы ауыл шаруашылығымен айналыса­тын әр адамға шыққанда 1,2 млн тең­ге­ден келсе, бұл көрсеткішті 2021 жылға қарай 3,9 млн теңгеге арттыру белгіленген.
Бүгінде шаруашылықтардың басым бөлігі ғылыми негізделген агро­техникалық шараларды тиімді қол­данбайды. Мысалы, өсімдік ша­руашылығында еңбек өнімділігінің төмен болуына тұқым сапасы, техникамен жарақтандыру, тыңайтқыш пен өсімдік қорғау құралдарын қолдану деңгейінің төмендігі әсер етеді. Алқаптарға 20 пайызға дейін үшінші репродукциядағы нашар тұқымдар себіледі. Зерттеулер нәтижесінде анықталғандай, дәнді дақылдардың 2,5 пайызы аурумен зақымдалған, 2,2 пайызы қауіпті организмдермен және 23,4 пайызы арамшөптермен зақымдануда.
 
Толығырақ мәліметті мына сілтеме арқылы оқи аласыздар: https://egemen.kz/article/170395-zamanaui-tekhnologiyalar-enhbek-oenimdiligin-arttyrady
Читайте также Архив новостей