Тіл байқауындағы табыс - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #83 Статистика

Тіл байқауындағы табыс

2014 жылдың 14 қараша күні  Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді  дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының 25 жылдығына орай мемлекеттік тілді жетік меңгерген орыс жастары арасында «Тіл-парасат» қалалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - жастардың арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және дарынды жастарға қолдау көрсету.

Байқауға Қазақ ұлттық аграрлық университетінің атынан қатысқан «Инженерлік» факультеттің  «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алып жатқан 1 курс студенті М.Теняков жүлделі 3 орынға ие болды.

Қазақ сыныбын аяқтаған, қазақша еркін сөйлейтін  М.Теняков байқау шарттарын (өзін-өзі таныстыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу, ауызша диалог құру, қазақша ән орындау немесе көркем шығармадан үзінді оқу) орындауда  өз ойын шеберлікпен  жеткізе алуымен жиналған қауымды тәнті етті.
Құрамына белгілі тілші ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, аударма ісінің кәсіби мамандары енген қазылар алқасының шешімімен М.Теняковқа ІІІ дәрежелі диплом және бағалы сыйлық табыс етілді.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген дарынды 14 жастың арасында университетіміздің намысын қорғап, жүлделі 3 орынды иеленген студентіміз М.Теняковты құттықтап,  табыс тілейміз!
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты