Тіл мерейі - ел мерейі - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1437 Статистика

Тіл мерейі - ел мерейі

08.04.2019 ж. университетіміздің ғылыми кітапхана залында «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының ұйымдастыруымен  «Тіл  мерейі -  ел  мерейі» атты студенттердің қатысуымен интелектуальды танымды  іс-шара өткізілді. Іс –шараның мақсаты жас  ұрпақты  ана  тілінің  қадір - қасиетін  түсіне  білуге шақыру.  Олардың  халқына  деген,  тіліне  деген  махаббатын  арттыру.
«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының профессоры, кафедра меңгерушісі Салқынбек Досалы Исаханұлы кіріспе сөз сөйлеп ашып берді. Досалы Исаханұлы қазақ тілінің қазіргі таңдағы мәні мен маңызына, қолданыс аясының және мемлекеттік тіл мәртебесінің әлі де болса өз дәрежесінде пайдаланылмай отырғандылығына тоқталып, қазақ тілінің сөздік қоры жағынан әлемдік тілдер арасында үшінші орын алатынын атап көрсетті. 
 
 

«Тіл  мерейі,  ел  мерейі» атты тақырыпта баяндама жасаған  – «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының қауымдасқан профессоры, т.ғ.к.Ә.Ж.Ахантаева: «Мемлекеттік  тіл – Қазақстан  халықтарын   біріктіретін  тіл»,  тіл –  ұлттық  белгі,  халықтық  мұра,  дүниетаным  құралы,  халықтың  тарихта  қалуы  тіліне  байланысты» деді. Сондай-ақ, тіл  халықтың  жаны,  сәні,  тұтастай кескін  келбеті,  болмысы, қазақ  тілі  дүние  жүзіндегі  ең  бай,  беделді  тіл екендігіне тоқталды.
Университетіміздің 1 курс студенттері тіл мәселесіне, мәртебесіне байланысты пікірлерін айтып,  өлеңдер оқып, әндер айтып,  күйлер тартты. Сонымен қатар халқымыздың даналығын, ұлағатты өсиеттерін дүлдүл шешендеріміздің тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір ауыз сөзбен шешкендігін көрсететін көрініс қойды.
Іс-шараға қатысқан кафедра оқытушылары М.Д. Жұмағұлов, З.Т.Тастанова, С.О.Смағұлова, С.С.Иманбаева, Г.Ш. Баймұратова, Б.Т. Көпбаева, Б. Мыңбаевалар еліміздің мемлекеттік тілінің мәртебесі жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты