Театр- өмір айнасы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1245 Статистика

Театр- өмір айнасы

      2018 жылдың 28 қараша күні Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Ветеринариялық санитария» мамандығының 2 курс студенттері «Қарагөз» трагедиясын тамашалады.           
Қойылымның басында сахнаға Нарша мен достары шығады. Қарагөз бен Сырымның махаббатында тас бөгеттей үлкен кедергі бар. Ол – екеуінің туыстық түбірі жеті атаға жетпегендігі, сондықтан ру дәстүрі бойынша бір-бірімен қосылуға болмайтындығы.
Оның үстіне Қарагөз басқа рудың белгілі, беделді жігіті Наршаға айттырылған. Нарша мен Қарагөз отау тіксе де, Қарагөздің бар ойы Сырымда. Жарын түсініп, жанын күйік жеген Наршаны автор көркем әдебиетте кездесе қоймайтын тұлғалардың қатарына қосады.
 
photo   photo

Бір-бірін ұнатқаннан басқа қылмыстары жоқ Сырым мен Қарагөз ел алдында, ата дәстүр алдында үлкен ұятқа қалады. Бірі жынданып өліп, бірі сергелдең өмірдің күйін кешеді.
Шығарма күрделі психологиялық драма, беті айқын трагедия. Бас бостандығына жете алмай, ескі ғұрыптардың құрбандығы болған жастардың тағдыры көрсетілді.

photo
Театр өнерінің адамға берері көп, ол тек келіп қызықты спектакль қарап, көңілін көтеріп қана, немесе  көңілі бұзылып  шықпайды, сахнада қойылған қойылымнан бір нәрсе түйіп шығады.Қойылымнан кейін студенттер өз әсерлерімен бөлісіп суретке түсті.
 
Орындағандар:
Барахов Б.Б.
Губайдуллина М.Б
Харесова А.М.
Аллабергенова А.Д
Айдарбекова А.Б.

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты