Тәжірибе алмасу сәтті өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1887 Статистика

Тәжірибе алмасу сәтті өтті

2020 жылдың 27  мен 31 қаңтары аралығында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде тәжірибе алмасу мақсатында «ІТ технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механикаландыру» факультетінің бір топ оқытушылары: «Механика және ауылшаруашылық техникасын құрылымдау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры С.Ж.Оралбаев, «Машина пайдалану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры М.С.Ундирбаев және «Аграрлық техника және технология» кафедрасының оқытушысы Н.Қ.Толунбеков еліміздегі агротехникалық университетінде болып қайтты.

Оқытушылар «Аграрлық техника және технология» кафедрасы - меңгерушісі Қаспақов Е.Ж., «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасы – меңгерушісі Усербаев М.Т., «Тамақ және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы»- меңгерушісі Какимов М.М., сондай-ақ Қазақстан-Белорусь агроинженерлік орталығы жұмыстарымен танысты. Белорусь, неміс, ресей өндірушілерінің тракторлары, комбайндары және басқа да ауыл шаруашылығы машиналарын оқыту бойынша оқу дәрістерін ұйымдастыру тәжірибелерімен алмастық. 
 Білім берудегі осынау оң тәжірибелер Қазақстан-Белорусь агроинженерлік инновациялық орталығының қызметінде пайдаланылатын болады. 
 
 
 

 
Орындаушылар «ІТ технологиялар, автоматтандыру
және агроөнеркәсіптік кешенін механикаландыру»
факультетінің деканы
Абдильдин Н. К.,
кафедрасының ассистенті Толунбеков Н. Қ

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты