«Тәуелсіздік - ел бақыты» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Университет қашықтықтан білім беруге көшті
Новость #343 Статистика

«Тәуелсіздік - ел бақыты»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 жылғы 27 сәуірдің №249 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған ҚазҰАУ жоспарына сәйкес Инженерлік факультетінің «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының  оқытушыларымен және студенттерімен 2016 жылы 7 желтоқсанда «Болашақ» студенттер үйінде «Тәуелсіздік - ел бақыты» атты іс-шара ұйымдастырылды.

photo
photo
photo
photo

Бұл іс-шараға Инженерлік факультетінің деканы Н.Абдильдин, «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Ж.Кальпеева, тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Б.Ж.Налибаев, сондай-ақ, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан «Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының аға оқытушысы У. Есиркепов және «Болашақ» студенттер үйінде тұратын студенттер шақырылды. Бұл іс-шараның мақсаты - студенттердің Отанға деген патриоттық сезімін дамыту болып табылады. Студенттер Желтоқсан оқиғасының фактілерімен, қазақ халқының Тәуелсіздік жолында өткерген талай қиындықтарымен танысты.  Шақырылған қонақ жастарға  сонау 1986 жылғы оқиғаларына қатысқандығы және өз көзімен көргендігі туралы айтып берді, соңында студенттердің сұрақтарына жауап берді. Осындай тәрбиелік іс-шаралар студенттердің патриоттық сезімін, азаматтылығын дамытады, сонымен қатар, ұлттық негізін және Қазақстанның болашақ игілігі үшін аянбай жұмыс істеуге ұмтылуын қалыптастырады. Әрі қарай іс-шара кафедра студенттерінің ұйымдастырған мерекелік концертімен жалғасты, мұнда олар желтоқсан оқиғалары туралы шағын-көрініспен шығып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы тарихы мен жетістіктері туралы бейнебаян көрсетті.
 photo
phoot
photo
photo
photo

«Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасы
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты