«Сыйынар едім, Ана деген тәңірге!» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #875 Статистика

«Сыйынар едім, Ана деген тәңірге!»

     2018 жылдың  наурыз айының 5 жұлдызында, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, №5 «Жалын» студенттер үйінде «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының ассистенті, 1курс студенттерінің эдвайзері Турабеков М.Р. бастамасымен «Сыйынар едім, Ана деген тәңірге!» атты мерекелік іс – шара өткізілді.
 

1 – курс студенті Арманның ән шырқауы
 
     Кеш қонақтары «Ветеринария» факультетінің тәрбие жұмыстарының аға тәлімгері Мусоев А.М., «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының меңгерушісі Алиханов Қ.Д., №5 студенттер үйінің меңгерушісі Зәуреш Наубайқызы және «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының оқытушылары.
 

Лезгинка биі
 

М.Мақатаев өлеңдерінен шашу
 

КВН құрама командасы
 

Арман қыздарға аранап ән шырқауы
 

1 курс студенттерін марапаттау сәті
 

Кешке шақырылған қонақтар
 

1 – курс студенттерінің сері жігіттері
 
     Өз кезегімен 1 курс белсенді студеттері өз өнерлерін паш етті. М.Мақатаев атамыздың өлендерін оқып, «Анаға хат», «Асыл әжем», «Шын ғашықтар», «Сұлу қыздар» әні шырқалды. 1 курс студентті Жанаев Әділ «Күй шашу» арнады. Нұрболаттай сері жігіт билеп берсе, жігіттерден құралған КВН құрамы қызықты әзілдерімен қатысушы студенттердің көңілін көтерді.
Белсене қатысқан студенттерге кеш қонақтары мен кафедрамыздың оқытушылары сыйлықтарын таратып, мақтау қағаздарымен марапаттады.
 
 
Орындаушылар:
 «Ветеринариялық-санитариялық сараптау  жән гигиена»
кафедрасының оқытушылары. Турабеков М.Р., Аллабергенова А.Д.,  Кудайбергенова Ж.Н., Оразалиев Д.М. Джунисбаева С.М.
 

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты