Новость #386 Статистика

Студенттік кәсіподақ комитет төрағасы жылдық есебін берді

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Студенттік Кәсіподағы Қазақстан білімі мен ғылымының алдыңғы қатардағы заман мен нарық талаптарына сай жұмысын атқарып келеді. Студенттік кәсіподақ ұйымы университет әкімшілігімен бірлесе отырып өз жұмысын тоқтатпай жалғастырып келе жатқан бірден бір ұйым. Бұл ұйым университетіміздің қоғамдық жұмыстарына үнемі белсенді араласып келеді. Бірер күн бұрын ұйымның төрағасы Әшірәлі Сманов Кәсіподақ комитетінің 2016-2017 жылдағы есеп беру жиынын өткізді.

photo
photo
Шараға оқу орнымыздың Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректорының міндетін атқарушы Қайрат Өмербекұлы Баимбетов пен Тәрбие жұмыстары жөніндегі департамент директоры Зарина Қайратқызы Бүйенбаева қатысты. Есеп беру жиынында кәсіподақ комитетінің атқарған жұмыстары таныстырылып, белсенді студенттерге алғыс хат табыс етіліп, сонымен қатар концерттік бағдарлама көрсетілді.
Жалпы ұйым жылдың басында алты факультет студенттері арасында сайлау өткізіп, әр факультеттің студенттік кәсіподақтарын, студенттік кеңестерін сайлап, сол студенттермен жыл бойы өткізілетін іс-шараларды, жылдық жоспар, айлық жоспарларды бекітіп алған болатын.

photo
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету» адамшылықтың ең жоғарғы қасиеттерінің бірі болып саналады. Сол бір тамаша дәстүрді берік ұстанған  Студенттік кәсіподақ комитеті студенттерімізге әлеуметтік көмек  бойынша жан-жақты жәрдем беруге ынталы. Жұмыс барысында 2016-2017 жылы Университеттің студенті болып табылатын студенттерге 20%, 30%, 50%, 60%-ке дейін оқуларына жеңілдік көрсетілді, әлеуметтік көмек, тамақпен қамтамасыз етіліп отырды. Атап айтқанда,  оқу ақысы бойынша 1 студент оқуына 50% , 2 студент 52% және 1 студент 56% көмек алды. Ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 4 студентке күнделікті 350 теңгеден, яғни  ай сайын 10500 теңге және толық жетім 30 студентті  тамақпен қамтамасыз ету мақсатында оларға күнделікті 1570 теңге, яғни  ай сайын 47101,12 теңге бөлінеді.  Жартылай жетім, кемтар, туберкулезбен ауыратын, көп балалы отбасыдан шыққан 20 студент ай сайын 10500 теңге жеке есепшотына аударылады. Жағдайы төмен, ауылдарына қайтатын ақшалары болмауына, дәрі -дәрмек алулға 182 студентке 5000 теңгеден қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар, белсенді студенттерді ынталандыру мақсатында 5000-10000 тенге көлемінде мереке сәттерінде сыйақы беріп отырады.
Университет ішіндегі, қалалық, республикалық іс-шараларға белсенді қатысып, студенттерге материалдық та, рухани да көмек көрсете білетін Студенттік Кәсіподақ комитетінің алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тілейміз.
 
Студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы өткізген іс-шаралар:
01.09.2016  жылы Бас ғимаратының алдында Қазақстан Республикасының 1-қыркүйек «Білім» күніне арналған мерекелік іс-шара.  Аталған шараға барлық белсенді студенттер қатысты.
02.09.2016 жылы Бірінші курс студенттерін университеттің көрікті жерлерімен таныстырылды.
05.09.2016 жылы «Агробиология және фитосанитария» факультетінің 4-курс студенттері тәжірибелік практикасына кетулеріне байланысты оларды азық-түлікпен қамтамасыз етілді.Жалпы студенттер саны 62.
11.09.2016 жылы Факультеттер ішінде студенттік декан, студенттік кеңес, студенттік кәсіподақ төраға төрайымдарын сайлау өткізілді.
15.09.2016 жылы Медпунктпен бірлесіп жұмыс жасап балалардың флюрографиядан өтуі қадағаланды.Жалпы тексеруден 2801 студент өтті.
18.09.2016 жылы Әр факультеттің студенттік кәсіподақтарымен бірге Университеттегі асханалардың жұмысымен танысып және тамақ сапасына бақылау жасалды. 6 студенттік кәсіподақ төраға және төрайымдарымен бірлесе.
22.09.2016 жылы Тіл мерекесіне байланысты іс-шараға сыйлық және сахна безендірілді.        
25.09.2016 жылы Студенттер кәсіподақ комитетімен бірге «Кәсіподақ қамқоршым» атты дөңгелек үстел өтті. Жалпы 36 адам: «Агробиология»  факультетінен 7, «Технология және биоресурстар» факультетінен 7,  «Инженерлік» факультетінен 5, «Ветеринария» факультетінен 7, «Орман, жер және жеміс көкөніс шаруашылығы» факультетінен 5, «Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультетінен 5 студент қатысты.
28-29.09.2016 жылы факультеттер арасында кіші футбол сайысын өткіздік. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.
29.09.2016 жылы 1-курс студенттердің студенттер үйінде қалай тұрып жатқанын білу мақсатында студенттердің тұрмыс жағдайы мен танысуы үшін анкета жүргізілді.
03.10.2016 жылы «Ұстаз деген жарық күні ғаламның» атты мұғалімдер күніне арналған концерттік бағдарлама өткізілді.
04.10.2016 жылы Тур де франс Алматы сайысына студенттерді қатыстырып студенттерімізді пирожки, сусындармен қамтамасыз етілді.
05.10.2016 жылы Қарттар күніне орай «Технология және биоресурстар» факультетінің оқытушылар құрамы және Студенттік кәсіподақ комитеті студенттері бірлесіп Қарттар үйінде қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Арнайы сыйлықтармен және керекті жабдықтармен қамтамасыз етілді.
10.10.2016 жылы «Болашаққа бірге барамыз» атты балалар үйіне қайырымдылық кеші өтті. Видео камера және фотопарат сыйладық.
11.10.2016 – 20.11.2016 жылы Университетіміздің футбол командасы ЖОО-ы арасында сайысқа түсуіне байланысты студенттерді қолдау көрсету мақсатында апардық.
11.10.2016 жылы Қалалық сенбілікке студенттерімізді қатыстыру және бөлінген ауланы тазаланды.
12.10.2016 жылы 1-курс студентері арасында кіші футбол турнирі өткізілді. Өткен орны Наурызбай батыр №128 алаңында. 8 команда қатысты сыйлықтар және алғыс хатпен марапатталды.
15.10.2016 жылы «Кітап көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан» атты іс-шара өткізілді.
16.10.2016 жылы Ардагерлер үйіне сенбілік өткізілді. Абая, Момышұлы көшесінің қиылысында сағат 10-00-де.
17.10.2016 жылы «Инженерлік» факультетінде «Қалың қалай балмұздақ» атты 1-курс студенттеріне арнайы іс-шара өтті. Бағалы сыйлықтармен қамтамасыз етілді.
20.10.2016 жылы «Инженерлік» факультеті жатақханасында «Қызықты көңіл, студенттік өмір» кеші өтті. Сыйлықтармен қамтамасыз етілді.
22.10.2016 жылы «Агробиология және фитосанитария» факультетінің №2 жатақханасында «Қош келдің Балмұздақ» атты іс-шара өтті. Сыйлықпен қамтамасыз етілді.
25.10.2016 жылы Университетімізде қалалық дебат турнирі өткізілді 120 жарысқа қатысушыларды және белсенді студенттерді алтын дән кафесінде тамақтандырдық.
27.10.2016 жылы «Имандылық инабаттылық шарасы» атты еркін пікірталас өткізілді әр жатақханада.
29.10.2016 жылыГидротехника, милиорация және бизнес факультетінің ұйымдастыруымен «Жанұя» кешенді балалар үйінде қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Арнайы сыйлықтармен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Балалар үйіне ақшалай 50 мың теңге табысталды.
08.11.2016 жылыБалаға мейірім сыйла атты Алтын ордадағы балалар үйінде акциясы өткізілді.
09.11.2016 жылы Боулинг трунирінен кәсіподақ кубогы өткізілді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.
10.11.2016 жылы Үстел тенис сайысы өткізілді. Инженерлік факультетінде.
13.11.2016 жылы  Гидротехника, милиорация және бизнес факультеті және Орман, жер және жеміс көкөніс шаруашылығының факультеттерінің ұйымдастыруымен қазіргі таңдағы қоғамдағы болып жатқан оқиғалар туралы иманмен кездесу өткізілді.
14.11.2016 жылы Агробиология және фитосанитария факультетінің №2 жатақханасында Шахмат, дойбы түрінен сайыс өткізілді.
17.11.2016 жылы Студенттер күніне орай бас ғимараттың акт залында концерттік іс-шара өткізілді. Залды безендіруге керекті жабдықтармен қамтамасыз етілді.
19.11.2016 жылы  Ардагерлер үйінде қайырымдылық іс-шарасы,концерттік бағдарлама және сенбілік өткізілді. Абая, Момышұлы көшесінің қиылысында сағат 10-00-де. Ардагерлер үйіне бағалы сыйлықтар және 50 мың ақшалай сыйлықтар табыстадық.
20.11-27.11.2016 жылы Университетің әр факультеттер арасында 1 курс студенттерін құрамға қабылдау мақсатында Алтын дән кафесінде іс-шара өткізілді. Залды безендіруге керекті жабдықтармен қамтамасыз етілді.
22.11.2016 жылы Тур де франс Алматы сайысына студенттерді қатыстырып бағалы сыйлықтармен қайттық. Белсенді студенттермен өткізілген қалалық концертке қатысып қайттық.
03.12.2016 жылы «Толқындай толқыған ғұмыр» атты ардагерлер үйінде концерттік іс-шара өтті. Университет атынан қарттар үйіне бару «Қарты бар елдің қазынасы бар» атты концерттік бағдарлама қойып, Ананы Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың деп құрмет тұтқан ананың бағасын түсірген санасыз жастар қаншама. Алла алдында үлкен күнәға батқан кей жандар еш қорықпайтын болды. Ата-анасын жылатқандығы үшін сұраққа тартылатынын ұмытқандай. Қош делік, әр нәрсенің өз уақыты бар. Өз қолымен істеген іске өкінетін кез де жетер. Осындай мән жайды түсінген студенттерімізбен бірге ата-әжелерімізге сыйлықтар тарту етіп аз да болса көңілдерін көтеріп қайттық.
06.12.2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған университтетіміздің 1 курс студенттерін құрамға қабылдау мерей тойы Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында атап өтілді. Қатысушы студенттерге түскі тамақпен қамтамасыз етілді. Жалпы студент саны 250 болды.Қаржылай және кажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
07.12.2016 жылы Әнші Б.Мұстафаевтың «Ана жүрегі» атты концертіне белсенді студенттерімізге тегін билетпен жолдама берілді.
08.12.2016 жылы Тұңғыш президент күніне орай Факультет аралық КВН  “Ректор кубогы” өткізілді. Қатысушы 5-командаға көктемгі болатын КВН ойындарына жолдама берілді. Командаларға ақшалай сыйлықтар және кубок табысталды.
13.12-22.12.2016 жыл аралығында Университетіміздің бетке ұстар «Классик» КВН командасы Астанада өтетін жоғарғы лига турына қатыстырылды. Осы студенттерге КВН жарнасы төленді.
18.12.2016 жылы Студенттік кәсіподақ комитеті Университетіміздің ұстаздарына қатысты жарты-жылдық қорытындысына студенттер арасынан анкета алынды
17.03-19.03.2016 жылы Алматы қаласындағы Университет, коледждер арасында кіші футболдан Абая Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы спорт алаңында турнир өтті. 1-2-3-орын алған командалар кубок, медальмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ең үздік ойыншыларға да сыйлықтар берілді.
25.12.2016 жылы Отбасылы студенттерге, магистранттарға, доктаранттар-дың балаларына жаңа жылдық сыйлық беріліп жатыр.
27.12.16 жылы Студенттік кәсіподақ төрағасы А. Сманов Студенттердің алдында жарты жылдық қорытынды есебін беріп, студенттердің ұсынысын естіп, алғысына бөленді.
25.12.2016 – 20.01.2017 жылы аралығында Университетіміздің отбасылы студент, магистрант, докторанттарымыздың балаларына жаңа жылдық сыйлық берілді. Отбасыларында қанша бала болса барлығына сыйлық берілді.
21.02.2017 жылы белсенді жастар «Жанұя» балалар үйіне  концерттік бағдарламамен барып қайтты. Мемлекетіміздің рәміздері ту және елтаңба сыйлыққа берілді.
23.02.2017 жылы №2 студенттер үйінде «Сағындым сені пайғамбарым» атты рухани мерекелік кеш өткізілді.
24.02.2017 жылы«street songs» факультет аралық гитарадан және флешмоб биінен жарыс өткізілді. Гитарамен сайыс бойынша Агробиология факультеті топтық би бойынша «Гидротехника мелиорация және бизнес» факультеті 1 орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық берілді.
26-28.02.2017 жыл аралығында  Ректор кубогіне арналған «EXPO-2017 жастар назарында» сайыс турнирінің  ашылу және жабылу салтанаты өткізілді. Залды безендіруге арналған жабдықтармен қамтамасызданырылды.
28.02- 10.03.2017  жылы аралығында студенттік кәсіподақ комитеті Алматы қалалық « Болашақ» қауымдастығымен бірлесе отырып ҰОС ардагерлерінің үйін аралап олармен сұхбат жүргізді.
04.03.2017  жылы Халықаралық  әйелдер мерекесіне арналған белсенді қыздарымызды құттықтау кеші өткізілді.
20.03 және 22.03 аралығында студенттерге рухани тәрбиелік  білім беру мақсатында «Нартәуекел» және «Лифт»театрлық қойылымдарына билеттер берілді.
15.03.2017 жылы Ректор кубігіне арналған КВН ойындары өткізілді және бірінші орынды жеңіп алған «Гидротехника мелиорация және бизнес» факультетіне ақшалай силық берілді.
22.03.2017  жылы студенттік кәсіподақ комитеті Наурыз мерекесіне арналған мерекеге  қатысты.
04-05.04.2017 жылы аралығында «Мистер КазНАУ»  сайысының іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеу әділ қазылар алқасында Студенттік кәсіподақ комитетінің төоағасы Сманов Аширали Жусипулы. Студенттік кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Аметова Бибигуль, «Шапағат» ЖҚҚ төрағасы Тілекеш Еркебұлан және «КЛАССИК» КВН ккомандасының мүшесі Тулеубеков Бекдос отырды. Іріктеуге 32 жігіт қатысты. Оның ішінен 12 жігітіміз іріктеуден өтіп келесі кезеңге жолдама алды.
05.04.2017  жылы «Мистер КазНАУ» сайысының іріктеу кезеңінен өткен жігіттерге кәсіби фотосесссия жүргізілді.
06.04.2017 жылы  « Студенттік кәсіподақ» комитетінің  белсенділері Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректормен кездесу өткізді.
20.04-26.04.2017 жылы аралығында студенттерге рухани тәрбиелік білім беру  мақсатында «Көзіме бір көрінсең бала ғашық...» , «Ревизор» , «Моцарт» , «Асауға тұсау» және т.б бірнеше қойылымдарға  билеттер берілді.
27.04.2017  жылы «Мистер КазНАУ» сайысының финалы өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша 3орын иегері  Нұржан Нұрсултан , 2 орын Муятов Наржігіт, 1 орын иегері Қозыбай Нұрбек және «Мистер КазНАУ» номинациясымен бас жүлдені жеңіп алған Асқар Ахмет жеңіске жетті. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды және басқада жігіттер алғыс хатпен марапатталды.
Читайте также Архив новостей