Студенттеріміз жүлдегер атанды - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #76 Статистика

Студенттеріміз жүлдегер атанды

Жуырда С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің тұңғыш ректоры Санжар Асфендияровтың 125 жылдығына орай «KazNMU ARLANS» пікірсайыс клубы «Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» атты пікір-талас турнирін өткізді.

фото
Аталмыш турнирге университетіміздің «Зиялы қазақ» пікірсайыс клубы белсенді қатысты. Алматы қаласы бойынша 80 пікірсайысшының басын қосқан турнирде  40 фракция қатысты. Турнир қорытындысы бойынша ҚазҰАУ намысын қорғаған «Нұрлы нөсер» фракциясынан Али Нұрберген (Агробиология және фитосанитария факультеті ЗР-208 топ студенті) және Қайып Арайлым (Ветеринария факуьтеті ВС-306 курс студенті)  2 орын иемденді. 

фото
фото
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты