Студенттер мерекесі табысты өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #700 Статистика

Студенттер мерекесі табысты өтті

Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны хақ. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол 17-қараша Халықаралық студенттер күні!

photo
photo
Студенттік шақ – өз алдына жеке әлеуметтік категория. Әр адамның өмірінде айрықша орын алатын осы кезең – үйден жырақта жүріп, өмірді тануға, өзіңді танытуға арналған уақыт десек, артық айтқандық емес. Өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға емес, өмір сүруге, ақ пен қараны ажырата білуге үйренеді. Студенттік шақ дегенде қызығы мен шыжығы мол – лекцияда ұйықтап отырған уақыт, жатақханада бір жапырақ нанды бөліп жеген достар, таңнан таңға жалғасқан кештер, университет қабырғасындағы бірінші бақылау-тесттер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағысын тағы көптеген естеліктер оралады. Мұндай қызықты шақты бастан өткеру – үлкен бақыт. Ол уақытты, ол бақытты кім болмасын сондай сағынышпен ерекше көңіл-күймен еске алады.

photo
photo
photo
Осындай кереметтей мейрамды, яғни Студенттер күнін тойлауды атап өтуді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің белсенді жас студенттері де ұмыт қалдырған емес. Жастар саясаты бөлімінің басшысы және Студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы Сманов Әшірәлі Жүсіпұлының қолдауымен және Жастар саясаты бөлім маманы Тілекеш Еркебұлан Ажбайұлы, Абдуалиев Жангелді Мырзагелдіұлының ұйымдастыруымен 17-қараша күні студенттер күні аталып өтті.
Студенттерге арналып концерттік бағдарлама қойылып әр түрлі ойындар ұйымдастырылды. Кеш барысында қонақтарға сөз беріліп құттықтау тілектерін білдірді. Студенттерді де ұмыт қалдырмай осы мерекені атап өтуге мүмкіндік жасап берген университет ректоры, академик Т.И.Есполов мырзаға сондай-ақ өнер көрсеткен барша белсенді жастарға алғыс білдірді!
 
Жастар саясаты бөлімі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты