Новость #470 Статистика

Старт-ап жобалар іске асады

Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен KMF микроқаржылық ұйымы ауыл шаруашылығы саласында білім мен технология ғылыми-зерттеу жұмыстарын кеңінен енгізу және пайдалану, университет студенттері үшін старт-ап жобаларын өткізуді қарастыратын серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
9-20 сәуірде ҚазҰАУ қабырғасында Студенттік старт-ап байқауын өткізу арқы­лы еліміздің ауыл шаруашылығы саласы дамыған аймақтарда, әсіресе оңтүс­тік өңірде алдыңғы қатарлы жаңашыл техноло­гия­ларды тәжірибеге енгізу көз­делуде. Бұл байқау жастардың бастама­ла­рын қолдау және агроөнеркәсіп саласын қолданбалы тұрғыда дамыту мақсатында жүзеге асады.
Толығырақ мәліметті мына сілтеме арқылы оқи аласыздар:  https://aikyn.kz/2017/04/19/10565.html