Новость #732 Статистика

Рухани-жаңғыру–мәңгілік ел болуға бастар жол

«Технология және биоресурстар» факультетінің эдвайзер-кураторларының ұйымдастыруымен факультетіміздің мәжіліс залында Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы аясында «Рухани-жаңғыру–мәңгілік ел болуға бастар жол» тақырыбында «конференция» өткізілді.
«Конференцияға» факультетіміздің деканы Буралхиев Б.Ә., 2 курс эдвайзер-кураторлары Баймәжі Е.Б., Жалелов Д.Б. және факультет студенттері қатысты. 
Іс-шараны ашқан факультет деканы Буралхиев Б.Ә. «Елбасы мақаласындағы жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырту»,- деді. Сонымен қатар, қазақ елінің тарихындағы билердің төрелігіне тоқталды.

photo
photo
photo
«Конференция» аясында «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының 2 курс студенті Хамитова Аружан Елбасының жолдауын көпшілікке таныстырып, маңыздылығына назар аударды.
Баяндамашылар Елбасы мақаласы аясында пікірлерін айтып,  ұлттық рух пен мәдени мұраның жаңғыруы туралы сөз етті. Шара барысында студенттер «Мәңгілік  ел» тақырыбында өлең жолдарын оқып, кешті одан әрі әрлей түсті.

photo
photo
«Дөңгелек үстел» соңында Елбасының бағдарламалық мақаласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша тиісті ұсынымдар жасалды.
 
«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
және қауіпсіздігі» кафедрасының
ассистенті Жалелов Д.Б.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты