Новость #931 Статистика

«Рухани жаңғыру және мен» интеллектуалды конкурсы

24 сәуір күні «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеу орталығы және «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық аграрлық университеттің ғылыми кітапхана залында факультеттер арасында «Рухани жаңғыру және мен» атты студенттердің интеллектуалды сайысы өтті.
Осы байқаудың жюри мүшелері: «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеу орталығының жетекшісі, академик, т.ғ.д., профессор Әбжанов Х.М., «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., профессор Салқынбек Д.И., «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Смағұлова С.О., «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеу орталығының ғалым-хатшысы Ермухамедова А.П.
 
photo photo

Пікірсайыс түрінде болған байқау тартысты өтті. Байқауды кафедраның қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к.,  М.А.Джекебаева жүргізіп отырды.Студенттер Елбасы көтерген тың идеялар төңірегінде пікір алмаса отырып, бір-біріне сұрақтар қойып, өз ұстанымдарын сәтті қорғай білді. Байқау 3 турдан тұрды:
I тур – әр топқа 3 сұрақ қойылып, оған жауаптар беру.
II тур – «Рухани жаңғырған Қазақстанды қалай елестетесіз?» деген тақырыпта эссе жазу. 
III тур – блиц-сұрақтар.
Интеллектуалды жарысқа 6 команда қатысты. Оның қорытындысы төмендегідей:
1 орын: «Инженерлік» факультетінің «Мұрагер» командасы – 78  ұпай;
2 орын: «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультетінің   «Ғасыр көшбасшысы» командасы – 77 ұпай;
3 орын: «Агробиология» факультетінің «Агростар» командасы – 75  ұпай.
 
photo photo

photo
Конкурсты қорытындылаған академик Хангелді Махмұтұлы және профессор Досалы Исаханұлы қатысушыларға алғыстарын білдіріп, дипломдар және сертификаттар табыстады.

 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген: Г.Әділхан
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты