Республикалық деңгейде пайдалы семинар-кеңес өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1567 Статистика

Республикалық деңгейде пайдалы семинар-кеңес өтті

2019 жылдың 10 шілдесі күні Алматы облысы, Қарасай ауданы «Оңтүстік Агропаркінде» «Агропарктегі жаз» атты семинар-кеңес өтті. Бұл семиар-кеңеске ҚР Ауылшаруашылығы министрінің Бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, ҚР Мәжілісінің депутаттары С. Ахметов, С.Звольский, М.Теміржанов, Құсаиновтармен бірге Қазақ ұлттық аграрлық универсиетінің ректоры, ҚР ҰҒА-ның академигі  Тілектес Исабайұлы Есполов, сондай-ақ, Agro-Mart,  Eurasia Group, Iuuitec, NEO SUN Energy,  KMF, ILAD-AGRO, Агро-Әлем т.б. компаниялардың өкілдері қатысты.
 
 
 

Іс-шарада ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің бастамасымен қолға алынған ғылыми-демонстрациялық кластер «Оңтүстік Агропаркі» жобасы бойынша жүргізіліп жатқан егіс дақылдарының жаңа сорттары мен будандары, өсімдік өсірудің инновациялық технологиялары, заманауи ауылшаруашылық техникаларын пайдалану жолдары көрсетілді.
 

ҚР Ауылшаруашылығы министрінің Бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров   өнім алудың, оның сапалығы жөнінде баяндап, шаруа қожалықтары мен фермерлерге, ауыл кәсіпкерлеріне субсидия алудың заңдылықтарын айтып берді. Сонымен қатар, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Исабайұлы Есполов  өз кезегінде бүгінгі Қазақстан агросекторындағы мәселелерге тоқталып, күрделі түйіндердің жолдарын ғылыми тұрғыда шешудің тетіктерін атады. Универсиеттте жасалып жатқан жұмыстарды айтып, Агротехнологиялық хабтың жұмыс істеп жатқанын, көп мәселені шешуге болатынын, ақыл-кеңес, бағыт-бағдар сұрауға ниетті фермерлерге, кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына консультация беретін білікті ғалымдардың   дайын екенін және «Ситуациялық орталықтың» жұмыс істеп тұрғанын, кез келген егістік жерді инновациялық жолмен оның топырағын, климатын, қажетті биологиялық қорегін зерттеп, нақты айтып беретін мүмкіндігі барын көпшілікке жеткізді. Семинар барысында басқа да лауазымды тұлғалар сөз сөйлеп, арнайы мамандар аулшаруашылығын дамыту бойынша өз ойларын ортаға салды. Сұрақ-жауап болды. Іс-шарада Қазақстан ауылшаруашылығын дамытуға қажетті кеңестер, пайдалы бағыттар айтылды.

 
Еділ АНЫҚБАЙ
«Agro-PR» инновациялық
орталығының жетекшісі
Фото: М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты