Новость #741 Статистика

«Панацея» - жеңімпаз

2017 ж. 29 қарашада Ветеринария факультеті Ветеринариялық медицина мамандығы 3 курс студенттері арасында Патологиялық физиология пәнінен ой ұшқырлығын анықтауға арналған зияткерлік сайыс өтті. Онда 4 топ күш сынасты: 301-топ студенттері “Иммунитет”, 305 топ - “Т-хелпер”, 306 топ - “Кардия”, 308 топ - “Панацея” атауларымен. “Панацея” командасын Әбдіғалиев Қайсар, Серік Томирис, Кеңесбек Мәди, Мейманқұлова Гүлбану, Байболова Әмина и Орынбек Әйгерим құрады. Сайыс үш айналымнан тұрды: “Шым-шытырық сұрақтар”, “Қолтырауын” және “Жалынды орындық”. 
Бірінші айналымда командалар ұяшықтан сұрақтарды таңдады, әр сұрақ белгілі бір күрделілік дәрежесімен болды. Сұрақ неғұрлым күрделі болса, дұрыс жауап берген жағдайда командалар соғұрлым жоғары балл алды.

photo
photo
Ең аз балл алған команда ойыннан жеңіліп, автоматты түрде конкурстан шығып қалып отырды.
Екінші айналымда команда ойыншылары сөз ойлап және “құрбан” – қарсылас команда ойыншысын, таңдап, оған құпия қылып осы сөзді айтады. Сонан соң “құрбанды” босатады – өз командасына жібереді. Ол жаңағы сөзді түсіндіруге тырысады. Бұл кезде оған тек қана ыммен, ымдаумен, бимен, секірумен, әртүрлі қалыпта, сөзді толық немес бірнеше бөлікке бөліп, “иә” немесе “жоқ” дегенді басты иіп немесе шайқау арқылы білдіруге рұқсат етілді. Бірақ буындарды, әріптерді қолмен көрсетуге, дыбыс шығарып айтуға тыйым салынды.
Үшінші айналымда әр команда өз уәкілін “жалынды орындыққа” жібереді. Ол жерде оған 5 сұрақ қойылады. 

photo
photo
Барлық айналым нәтижесі бойынша «Панацея» командасы бірінші орынды жеңіп алды, команда капитаны Серік Томирис үздік қатысушы деп танылды. Сонымен қатар, Әбдіғалиев Қайсар да көзге түсіп, аса белсенді қатысушы ретінде мадақтама алды.
Атап айту қажет, 308-топтың басқа студенттері сайысқа қатысушыларға барынша қолдау көрсетті. Олар группаластарына плакат және әрбір қатысушының есімімен түрлі-түсті шарлар әзірледі. Айналым арасындағы үзіліс кезінде жылы сөздер айтып, достарын қолдады. Осының бәрі қатынасушыларға толқуларын жеңуге және көңіл-күйлерін көтеруге ықпал етті. Үйлесімді командалық жұмыстың нәтижесінде балалар жеңімпаз атанды!
 
Ветеринариялық медицина мамандығы 308-топ кураторы Г.Д.Ілгекбаева
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты