Өзбекстанда «Қазақстан білім күндері» өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1555 Статистика

Өзбекстанда «Қазақстан білім күндері» өтті

Жуырда Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд, Қаршы, Бұқара, Нүкіс қалаларында «Қазақстан білім күндері» тақырыбында көрме өтті. Көрменің ресми ашылу салтанаты Ташкент қаласында болды. Қазақстандық делегация құрамына еліміздің 46 жоғары оқу орнының ректорлары мен профессор-оқытушылары кірді.


Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы елшісі қатысып, өзінің баяндамасында Өзбекстанда өтіп жатқан Қазақстан білім күндері білім беру аясында өзара ынтымақтастықты арттыратын негізгі шараның басты қадамы екеніне назар аудартты.


Көрмеде Өзбекстан елінің талапкерлері жоғарғы оқу орындарымен танысып, университет өкілдерінен оқуға тапсыру, факультеттер, мамандықтар туралы өзекті ақпараттарды алды.


Шавра аясында Қазақ ұлттық аграрлық университеті өкілдері Самарқанд ветеринария және Ташкент ақпараттық технологиялық университеттерімен академиялық ықпалдастық туралы келісімге және меморандумға қол қойылды. 
  
Білімгерлер контингентін қалыптастыру институты
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты