Отандық агроөндірістік кешеннің жаңа мүмкіндіктері - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #145 Статистика

Отандық агроөндірістік кешеннің жаңа мүмкіндіктері

Аталған жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Мамытбеков, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Аграрлық ғылымдар Академиясының президенті Ғ.Ә.Қалиев, ҚазҰАУ ректоры, академик Т.И.Есполов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, облыс әкімдерінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасарлары, ауыл шаруашылығымен айналысатын компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттарының, шаруа қожалықтарының жетекшілері, аграрлық  жоғары оқу орындарының басшылары, шаруашылық мамандары, білікті ғалымдар мен оқытушы-профессорлар қатынасты. 

фото
Бұл басқосуды университет ректоры, академик Тілектес Исабайұлы Есполов кіріспе сөзбен ашып, отандық агроөнеркәсіп кешенінің бүгіні мен болашағы жайлы кең көлемді баяндама жасады. Күн тәртібіндегі өзекті мәселе бес реформа және нақты 100 қадам әрі Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жайындағы толғақты проблемалар бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Мамытбеков сөз алып, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев алға қойып отырған реформалар мен айқын қадамдар барысында іске асырылып жатқан ауқымды жұмытармен қатар, алда тұрған міндеттер жайында шешіле әңгімеледі. Сол сияқты экономикамыздың басты негізіне айналып отырған ДСҰ барысында қолға алынып жатқан күрмеуі көп күрделі жұмыстардың қалай шешіліп жатқандығы туралы да егжей-тегжейлі сөз қохғады. Әсіресе, осыған байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қалай қаматамасыз ету керектігі мен бәсекеге қабілетті экспорттық өнім көлемін ұлғайтудың жолдарына тоқталды. Министрдің осы төңеректе айтқан мәнді де маңызды әңгімесі қатынасушыларға терең ой салды.Бұдан кейінгі сөйлеген мамндар да оның айтқан ойларының орынды екенін құптай отырып, оны одан әрі жүзеге асырудағы өзіндік пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды.

фото
Бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық Одақ пен ДСҰ жағдайындағы Қазақстан экономикасының аграрлық саласына жаңа талаптар жүктелуде. Бұл ретте отандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, тауарлардың сапасы мен бәсекеге қабілетті экспорттық өнім көлемін арттыру көзделуде. Жиынға қатысушы аграрлық сала мамандары аталған мәселелерді шешудің нақты жолдарын ұсынып, түйінді сұрақтарды талқылап, тиісті іс-шаралар жоспары қарастырылды.

фото
Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» межеленген деңгейде жүзеге асса еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымы талаптарына сай жұмыс істеуде үлкен мүмкіндіктерге ие болады. Ауыл шаруашылығына инвестиция салушылардың қатары көбейеді. Кең байтақ жеріміздегі егіс алқаптары мен жайылым жерлер толықтай игеріледі.     Мамандар ауыл шаруашылығын дамытудың тағы бір жолы ретінде сапалы кадрлар мен жоғары білімді мамандар даярлауды мықтап қолға алу керектігін айтты. Әлемдік тәжірбиелер негізінде маман даярлайтын жоғары оқу орындарының оқу үдерісін жетілдіру, теория мен тәжірибені қатар оқыту жолдарын ұсынды.

фото
Маңызды басқосу барысында академик Т.И.Есполов ҚР Аграрлық ғылымдар Академиясының вице-президенті болып бірауыздан сайланды.

фото
Жиын қорытындысы бойынша «Еуразиялық экономикалық Одақ пен ДСҰ жағдайындағы Қазақстан экономикасының аграрлық саласының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары туралы» арнайы Резолюция қабылданды. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру өнім көлемін ұлғайту жолдары, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына қажетті мамандар даярлаудың озық үлгілерін жүзеге асырудың тетіктері көрсетілген.
  
http://kaztv.kaztrk.kz/kz/view/100_kadam/page_94903_almatyda-agrarlyk-hylymdar-akademiyasynyn-zhalpy-zhinal - Қазақстан телеарнасы. Жаңалықтар. 11.07.2015. 
http://khabar.kz/kz/m-ra-at/ba-darlamalar/zheti-k-n/item/28264-zheti-kun-11072015 - «Хабар» арнасы. «Жеті күн» ақпараттықсараптамалық бағдарлама аясында. 11.07.2015.

ҚазҰАУ баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты