Оңтүстік Корея университетімен өзара келісімге қол қойылды - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #55 Статистика

Оңтүстік Корея университетімен өзара келісімге қол қойылды

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Оңтүстік Кореяның ұлттық университетімен өзара екіжақты келісім-шартқа қол жеткізілді.  Ғылым, білім, инновация салаларын бірлесіп дамытуды көздеген келісім-шартқа ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Исабайұлы Есполов және Корея университетінің өкілі, профессор Санг Юон Ли қол қойды. Осынау құжаттарға қол қоюға Кореяның Қазақстандағы өкілдігінің Бас консулы Сон Чхи Кын мырза мен екі университеттің қызметкерлері қатынасты. Аталған құжатта бірлесе жұмыс істеудің негізгі тетіктері, білім барысындағы сан-салалы бағыттар көрсетілген. Ең бастысы соя дақылын игерудің тың жобалары қамтылған.

фото
Бұл басқосуда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов Корей университетінің өкіліне өзара достастық жағдайындағы қалыптасып отырған құптауға тұрарлық игі бастамаға шын ниетімен ілтипатты құрметін білдірді. Ал ректор ұсыныстарын қуана қабыл алған Сон Чхи Кын алдағы уақытта екі ел арасында экономикалық жағынан еселеп арттыруға мүмкіндіктер туғызатын жұмыстар жүргізілетінін атап айтты. Оның айтқан ұсыныстарын Тілектес Исабайұлы да бір ауыздан құп алды.

фото
Жалпы айтқанда, Оңтүстік Корея ұлттық университетінде 30000 астам студент білім алады екен. Аталған белді оқу орны бүгінде әлемнің 40 елімен тығыз байланыс орнатқан.

Екі университет басшылары қол қойған құжатта оқу үдерістеріне көптеген көкейкесті мәселелер жан-жақты әңгіме болды. Енді сол жұмыстар жеделдете қолға алынбақшы. Болжаммен айтқанда, алдағы 27 маусымда ҚазҰАУ-да осы кездесудің заңды жалғасы ретінде, келісім-шарт бағыттары бойынша арнайы жұмыс тобының отырысы өтпек.

фото
    
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген: М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты