Өнегелі кездесу - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1210 Статистика

Өнегелі кездесу

      Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков Алматыда студенттер және шет елдерден келген қандас бауырларымызбен бірқатар кездесулер өткізді.
Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде өткен пікірлесу жиынында, З.Тұрысбеков Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Халықтың әл-ауқатын арттыру туралы» жолдауына, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласына кеңінен тоқталып, талдау жасады, мақаланың ел дамуындағы алар орны туралы айтып берді. Төрағаның бірінші орынбасары «Ұлы даланың» қалдырған қайталанбас тарихи мұрасы рухани құндылықтарымызды арттыруда арқау болатынын Елбасының бастамасымен жүргізіліп отырған жүйелі жұмыс екенін ерекше атап өтті. З.Тұрысбеков жастарды ана тілін ардақтауға, халықтың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарауға және оны дамытуға үлес қосуға шақырды.
 
photo   photo

Кездесуде З.Тұрысбеков ДҚҚ-ның атқарған істері мен алдағы мақсаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол Елбасының тапсырмасы бойынша шет елдерде тұратын қазақ диаспораларымен байланыстың жаңа деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті. ҚР Үкіметінің қаулысымен шет елдерде тұратын этникалық қазақтарды қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған жоспарымен таныстырды. Онда қазақ диаспораларының ана тілін меңгеруге, білім алуға, мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамуы туралы корсетілген.
Елбасының бастамасымен құрылған «Отандастар» қоры таяу арада шет елдердегі қандастарымызды қамқорлыққа алып, жүйелі жұмыс атқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар З.Тұрысбеков «Отандастар» қорының ДҚҚ-мен бірлесе отырып бірқатар шараларды атқарғанын атап өтті.
 
photo   photo

Сонын ішінде Астана қаласында «Қасиетті қазақ елі» халқаралық фестивалі, «Қасиетті Қазақстан. Туған жерге тағызым» атты тарихи жобаны Түркістан қаласында өткізді.
Кездесу барысында З.Тұрысбеков көпшіліқ қауымның көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Жиыннан кейін Зауытбек Қауысбекұлы ҚазҰАУ жанындағы «Назарбаев білім және ғылым орталығы» жұмысымен танысты.
 
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының баспасөз қызметі
ҚазҰАУ баспасөз қызметі
Фото: М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты