Новость #401 Статистика

«Олжас және жастар»

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде  Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің қатысуымен ақынның шығармашылығына арналған республикалық  «Олжас және жастар» Поэзия фестивалі өтті.
Ғасыр адамы Олжас Омарұлымен болған кездесуге бейбіт заманның жас батыры Тимурбек Жамалладдинов те арнайы шақырылды. 8 жасар қыз баланы зорлықтан аман алып қалған батыр ұлан Қазақ ұлттық аграрлық университетінің болашақ студенті.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде тәрбие жұмысы­ның тиімділігін арттыру мақсатында 2004 жыл­дан бері «Олжас Сүлейменов атында­ғы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты» жұмыс істейді. Олжас Омарұлы институт қабырғасындағы өзінің өнегелі ғұмыры, құнды дүниелері жинақталып, құрметті аты берілген мұражайды аралады. Б.Римова атындағы «Әдеп», Б.Момышұлы атындағы «Қарыз бен парыз» клубтарындағы жанкүйер жастармен кездесті.  

фото
фото
фото
Шара аясында арнайы ұйымдастырылған баспасөз-брифингінде университетіміздің белсенді жастары Олжас Омарұлымен пікір алмасып, сұхбаттасты. Студенттермен кездесулерде көрнекті ақын әдебиет пен мәдениет, руханият пен бейбітшілік мәселесі, еліміздің экологиялық проблемалары және жоғары оқу орындарының халықаралық білім ке­ңіс­тігіне кіруі туралы пайымдауларымен пікір алмасты. Бибігүл Дүйсетай майлы бояумен салған ақынның портретін тарту етті. Жастар заңғар тұлғадан қолтаңба алды.
Университет ректоры, академик Тілектес Есполов:
«Олжас Омарұлы – ҚазҰАУ-дың досы және студент жастардың тәлімгері, пір тұтатын тұлғасы. Ол кісінің оқу орнына келген әрбір сапары үлкен мереке, ол қатысқан шаралар университет тарихындағы тәлімі мол, қызыққа толы маңызды шара. Университет қабырғасындағы Олжас Сүлейменов атындағы институт «Мәңгілік ел» идеясы аясындағы мемлекет бірлігін насихаттап, студент жастарды қалыптастырудағы тәрбие жұмыстары­ның тиімділігін арттыру мақсат еткен».

фото
фото
фото
Баспасөз брифингінің соңы «Олжас және жастар» поэзия фестиваліне ұласты. Шарада оқу орнының студенттері ақынның өлеңдерін оқып, өнегелі ғұмыры жайлы қойылымдар қойды. 
«Олжас және жастар» шарасынан бөлек, алдағы 19-21 мамыр күндері аралығында уни­верситеттің үлкен спорт кешенінде биыл да  волейбол спорты ардагерлері ара­сында дәстүрлі «Олжас Сүлейменов жүл­десі» са­рапқа салынбақ. Оған Өзбекстан, Қырғызстан елдері командаларымен қатар, Қазақстанның Тараз, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда қалалары мен Еуразия технологиялық университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ардагер волейболшылар командалары қатысады. Қалыптасқан дәстүрді бұзбай, ақсақалдық жасына қарамастан бұл жарыстарға  Ол­же­кеңнің өзі де қатысып, шебер ойын көрсетеді.
 
 
 
Читайте также Архив новостей