Наурыз-думан - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #490 Статистика

Наурыз-думан

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзінде түркі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан және тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастаған.
Наурыз мейрамын ұлықтау, қазақтың ежелден қалыптастып келе жатқан мерекесін тойлау оқу орнымыздың әр факультет, жатақханасында әлі де жалғасып жатыр. Осындай игі бастаманы қолға алған «Агробиология» факультеті «Топырақтану және агрохимия» мамандығының 2 курс студенттері «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді.

photo
photo
photo
photo
Наурыз думанға кафедраның профессор-оқытушылары мен ақсақалдары қатысып, бата беріп, дарынды, талантты студенттердің арнайы дайындаған  концерттік бағдарламасын: ән мен би, күмбірлеген күйін, ұлттық ойын мен қазақ халқының дәстүрлерінен көріністерін тамашалады.
Аталған іс-шара факультет студенттеріне қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетінен үлкен тағылым беріп, салт-дәстүр мен ата-бабамыздан қалған мұраны, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге септігін тигізері сөзсіз.
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты