Наурыз мейрамына орай жәрмеңке - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #459 Статистика

Наурыз мейрамына орай жәрмеңке

5 сәуір  күні «Технология және биоресурстар» факультетінің ғимаратында «Тағам қауіпсіздігі және тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының 1-курс студенттері (БТ-106, ТПРП-109, ТМО-110, СМС-111) мен топ тәлімгерлерінің (Ахмет Жанар, Мыржыкбаева Айдана, Нұрдан Динаш, Жалелов Дулат) ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкенің мақтсаты – адамзат баласы бойындағы игі жақсы қасиеттерді студент қауымының бойына сіңіру.

photo
photo
photo
Тәлімгерлер мен студенттердің келісуі бойынша қазақтың ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарын жасау жоспарланды. Студенттер топ тәлімгерлерімен бірге сабақтан тыс уақытта түрлі ұлттық бұйымдарды, соның ішінде: сырға, сақина, білезік, алқа, шашбау, домбыра, киіз үй т.б. әшекей заттарын өз қолымен жасады. Жәрмеңке сөресіне қазақтың ұлттық тағамдары: бауырсақ, құрт, жент, ірімшік және т.б.  қойылды. Сондай-ақ, инновациялық орталығымызда жасалған нан-тоқаш өнімдері де жәрмеңке сөресінен орын тапты.    
Іс-шараға университетіміздің тәрбие және мәдениет бөлімдерінің өкілдері, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер шақырылды. Жәрмеңкені тамашалауға келгендер үйірме шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар мен қолдан жасалған тәтті-дәмділерді кезекке тұрып, сатып алып жатты.

photo
photo
Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.  Университет қабырғасында осындай игі қайырымдылық шараларының өткізілуі құптарлық жағдай.  Бұл – тек  студенттің шығармашылығын дамытуға әсер етіп қана қоймай, оның университет өміріне етене араласуына, рухани жағынан өсуіне себеп болатын тәрбиелік маңызы зор іс. Атап айтар болсақ, осы жәрмеңкеден түскен қаражаттың барлығы қайырымдылық мақсатына жұмсалмақ, ал жәрмеңкені келесі жылдар да ұйымдастырып кіші-гірім дәстүрге айналдырсақ деген ниетіміз бар.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты