Мұқағали ауылына саяхат - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1241 Статистика

Мұқағали ауылына саяхат

      Елбасының «Болашақ тек жастардың қолында» деген ұлағатты сөзіне орай,біздің  Қазақ ұлттық аграрлық университет ұстаздары  ауыл жастарының яғни,өз студенттерінің білімді де білікті маман атанып биікке көтерілуіне және жоғары мәртебеге жетуіне әрқашан қолдау көрсетіп,өзіндік ықпалын тигізіп отырады.


Президентіміз жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылғандай – өткенімізді түгендемей бүгінгіміз бүтінделмесі анық. Осыған орай,  жуырда «Микробиология және вирусология»кафедрасының ұстаздары Көшкімбаев Серік, Орынтаев Қайрат, Әлтенов Әбдіразақ, Құлпыбай Ермек  факультетіміздің  50 шақты  3-курс студенттерімен бірге халқымыздың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев туып-өскен қасиетті  Қарасаз ауылына барып қайттық.
Негізгі мақсатымыз Қарасаздағы ақын Мұқағалидың мұражайын еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған алғыр да алымды жастарымызға  көрсету, ақын рухына тағзым ету.
Қарасаздың төрінде орналасқан ақын атындағы екі қабатты мұражайдың табалдырығын аттап, ішіне кіргеннен- ақ заманауй талаптарға сай әдемі безендірілгендігі , мұражай ішіндегі ақынның түрлі жабдықтарының өзі   бейне бір салалы саусақтарымен қою шашын артқа сипап, тау қырына қарап түрлі ойға батқан тірі Мұқағалиды елестеткендей.
Мұражай қызметкері Мадина Даубайқызы бізді ізгі ілтипатпен қарсы алып, мұражаймен жақын таныстырды. Арнайы сол ауылдың мектеп  оқушылары да шақырылған екен. Оқушылар ақын өлеңдерін оқып, арнайы сахналық қойылым ұсынды.


 
Қайрат Орынтаев,
қаумд.профессор,
       Серік Көшкімбаев,
аға оқытушы
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты