Мини футбол турниры - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1250 Статистика

Мини футбол турниры

        Спорт – әр адамның өмірінде үлкен рөл атқарады. Спортпен шұғылдану адам денсаулығы мен физикалық жағдайына өте пайдалы. Әрине, спорт - бұл мәдени өмірдің феномені. Онда адам өзінің мүмкіндіктерінің шекарасын кеңейтуге ұмтылады, бұл жетістіктер мен сәтсіздіктерден туындаған үлкен әлем. Спорт - бұл іс жүзінде бәсекеге қабілетті және оған арналған дайындық.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ҚазҰАУ-нің студенттік одағын және Дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен, 2018 жылдың 8 желтоқсанында университетіміздің факультеттері арасында мини-футболдан турнир өткізілді.
Турнирге 16 команда қатысты. «Технология және биоресурстар» факультетінен бір команда, «Агробиология» факультетінен үш команда, «Ветеринария» факультетінен екі команда, «Гидротехника, мелеорация және бизнес» факультетінен екі команда, «IT технололгиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультетінен төрт команда, сондай-ақ магистранттар командасы катысты. «Сұңқар», «Лесгоу» және «Ақ қайың» командалары «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультетінің намысын қорғап шықты.
 
photo   photo

Ойынның қорытындысы бойынша:
1 орын - «IT технололгиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультетінің «Болашақ» командасы алды.
2 орын - «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультетінің «Ақ қайың» командасы алды.
3 орын - «Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультетінің командасы алды.
Сондай-ақ, «Үздік бомбардир» номинациясында үздік нәтиже көрсеткен үшін «IT технололгиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультетінің студенті - Серікбаев Айдар марапатталды.
«Үздік қорғаушы» - Қайырбек Нұржан «IT-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенді механизациялау» факультеті
«Үздік шабуылшы» - Мансуров Жанболат, «Технология және биоресурстар» факультеті,
«Үздік қақпашы» - Кәрібай Ғазиз, «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті.

photo
Турнир жоғары деңгейде өтті, "Орман, жер ресурстары және фитосанитария" факультеті турнирдің ұйымдастырушыларына, ҚазҰАУ Студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы Әшірәлі Смановқа, жанкүйерлерге және екінші орын алған өз командасына алғыс білдіреді.


Факультет деканының орынбасары
Шабалина М.В.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты