Новость #532 Статистика

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы (Интеллектуалдық сайыс)

Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда өзінің Мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұранын бекітті. Осылайша, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.
Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.

photo
photo
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азаматқа  терең түсіндіріп, қастерлей білуге баулу, дәріптеу, олардың қадір-қасиетін құрметтеу, студенттердің іздену, ойлау қабілеттерін дамыту, Отанға, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында оқу орнымызда Алматы қаласы пікірсайысшылары арасындағы интеллектуалдық сайыс өтті.

photo
photo
photo
Сайысқа Қазақ ұлттық университетінің «Алтын сапа»,  Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Технократ»,  Тұран университетінің «Сириус», Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің «ТЭО», Алматы энергетика және байланыс университетінің «Энерго», Алматы экономика-статистикалық академиясының «Билер Ордасы», Халықаралық бизнес университетінің «UIB», Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының «Президент», Қазақ спорт және туризм академиясының «Олимп», Алматы техникалық университетінің «Жастар», Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Атамекен» пікірсайыс клубтары қатысты.
Сайыс төрт кезең бойынша өтті:
  1. Интеллектуалдық сұрақтар.
  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері және Қазақ ұлттық аграрлық университеті тарихынан арнайы видео сұрақтар.
  3. Әр топтың капитандар сайысы.
  4. Интеллектуалды ойын «Қаптағы мысық»
Жарыс қорытындысы бойынша Жүлделі І орынды Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті қанжығасына байласа,  ІІ орын Халықаралық бизнес университетіне, ал  ІІІ орын Қазақ Ұлттық университетіне бұйырды.
Жеңімпаздар арнайы сертификат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Фото: М.Ботабеков
Читайте также Архив новостей