Мемлекеттік рәміздер – елімнің мақтанышы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1368 Статистика

Мемлекеттік рәміздер – елімнің мақтанышы

Мақсаты:       
Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету;
Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы көрсету.
Кіріспе бөлім:Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге,қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Тәрбие сағаты Гимнмен басталады.
 
 

Оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздері: Елтаңба, Ту, Гимн болып үш топқа бөлініп отырады.
Отан-жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді...
Отан-ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Әрбір елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі мемлекеттер қанша болса сол мемлекеттердің барлығында бірінен бірін ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын шышан белгілері болады. Оларды рәміздер деп атаймыз.
Қазақстан Республикасының рәміздері?
-Қазақстан Республикасының рәміздері: Елтаңба, Ту , Гимн.
Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Гимні туралы заң қашан қабылданды?
-1992 жылы 4 маусымда.
Міне студентер Елбасымыздың Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты