«Мал биотехнологиясының аспектілері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру бойынша халықаралық вебинар табысты өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #377 Статистика

«Мал биотехнологиясының аспектілері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру бойынша халықаралық вебинар табысты өтті

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып (кері байланыстағы видеоконференция) ТМД елдері жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында 16 сағаттық бағдарлама бойынша «Мал биотехнологиясының аспектілері» тақырыбында өткен вебинар жұмысы қорытындыланды.
Вебинарға ТМД елдерінің жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары қатысты:
  • Ресей мемлекеттік аграрлық университеті - К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы;
  • Әзірбайжан мемлекеттік аграрлық университеті;
  • Молдова мемлекеттік аграрлықуниверситеті;
  • Шириншох Шотемур атындағыТәжікстан аграрлық университеті;
  • К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті;
  • Армян ұлттық аграрлық университеті;
  • Мәскеу Ветеринарлық медицина және биотехнология академияссы - К.И. Скрябин атындағы МВА;
  • Мал басын көбейту мен асылдандырудың Республикалық орталығы.

    photo
    photo
    photo
Қазақ ұлттық аграрлық университеті атынан аталған вебинарға қатысушылар:
- «Мал шаруашылығы және балық өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, а.ш,ғ.д., ҚР ҰҒА құрметті академигі, профессор Махатов Болатхан Махатұлы;
- «Биотехнология және тағам қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Серікбаева Әсия Демеуханқызы;
- «Агрономия» кафедрасының профессоры, б.ғ.д.,  Сүлейменова Сауле Ертайқызы, сонымен қатар Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқытушы-профессорлар құрамы. 
Вебинарға қатысушылардың жалпы саны  – 97 адам.

photo
photo
«Биотехнология» саласы қазіргі таңда ғылымның ең маңызды және сұранысқа ие бағыттардың бірі болып табылады, сол себепті  Халықаралық Вебинарға дәл осы тақырыптың ұсынылуы кездейсоқ емес.
Шын мәнінде, биотехнология  медицина, ветеринария және мал шаруашылығынан бастап жеңіл, тау-кен және тамақ өнеркәсібіне дейінгі  адам қызметінің барлық салаларына енген.
Ғылыми курсты Қазақстандағы Мал биотехнологиясы саласы бойынша жетекші ғалымдардың бірі, биология ғылымдарының докторы, «Мал шаруашылығы және балық өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының профессоры, «Эксперименттік биология» институтының Бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Тойшыбеков Ержан Мәкенұлы жүргізді.
 
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің
 Біліктілікті арттыру
институты директорының м.а. Ж.С.Жүргенов

Суреттерді түсірген М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты