«Мақсат - әлемдік деңгейдегі университетке көшу» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1159 Статистика

«Мақсат - әлемдік деңгейдегі университетке көшу»

       Қараша айының алтыншы жұлдызында «Мақсат - әлемдік деңгейдегі университетке көшу» атты университетіміздің ректоры Т.И.Есполовтың мақаласын студенттерге таныстыру мақсатында «Технология және биоресурстар» факультетінің №9 Ақбота студенттер үйінде кездесу өтті.
Кездесуге «қазақ-орыс тілдері» кафедрасының аға-оқытушылары  Саттаров Н., Калыкова Л.С. сонымен қатар студенттік кәсіподақ төрағасы Сманов Ә.С., және «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жалелов Д.Б. қатысты.
 
photo   photo

photo
Мақалада болашақта университетімізді одан әрі дамытып, әлемдік деңгейдегі оқу орны етіп жасау және аграрлық саланы одан әрі өрбіту жайлы айтылған. Осы орайда Университет Ректоры студент жастарға үлкен сенім артып отыр. Өз кезегінде өскелең ұрпақ та сенімді ақтауға тырысуы тиіс. Жиынға қатысып отырған студенттер мұны жақсы түсінеді. Жиналыс өте жоғары деңгейде өтті.
 

«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі»
кафедрасының ассистенті Жалелов Д.Б.
 

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты