Labor omnia vincit - Еңбек бәрін жеңбек - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #790 Статистика

Labor omnia vincit - Еңбек бәрін жеңбек

Іс-шараны 5В120200-Ветеринариялық санитария мамандығы 1-курс студенттері  мен  "Клиникалық ветеринариялық медицина" кафедрасының аға оқытушысы Қамбарбеков А.Т. ұйымдастырды.
         2017 жылдың 8 желтоқсан күні "Ветеринария" факультетінің №11 оқу ғимаратында №303 дәріс аудиториясында ҚазҰАУ "Клиникалық ветеринариялық медицина" кафедрасының профессор-оқытушыларының қатысуымен "Латын ветеринариялық терминологиясы" пәнінен 5В120200-ветеринариялық санитария мамандығы 1-курс студенттері (ВС-111, ВС-112, ВС-113 и ВС-114) арасында латын ветеринариялық терминологиясын жетік меңгеруге бағытталған "Labor omnia vincit - Еңбек бәрін жеңбек"  тақырыбында зияткерлік сайыс өтті.
         Мақсаты: студенттерге латын терминдерін жазу мен арнайы нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді  оқып, айтуда және оларды кәсіби қызметтерінде қолдануда латын тілінің негізін меңгеру. Бұл сұрақтың өзектілігі Елбасының 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу туралы жарлығынан кейін арта түсетіндігі белгілі.
         Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды ВС113-топ, 2-орынды ВС-112-топ, 3-орынды ВС111 топ, 4-орынды ВС114 топ командалары иеленді. Жүлделі орынға ие болған командалар дипломдармен марапатталды, сұрақтарға дұрыс жауап берген белсенді көрермендер Алматы қаласының кинотеатрына кинофильмге кіру билеттеріне ие болды.
         Қатысқандар: Кафедра меңгерушісі, профессор Заманбеков Н. А.,  кафедра профессорлары Өтенов Ә.М., Молдағұлов М.А.,  қауымдасқан профессорлар: Көбдікова Н.К., Тұрыспаева Ш.Д., PhD, аға оқытушы Мухитдинова Г.Е., аға оқытушы Қамбарбеков А.Т., ассистенттер: Тлеуалиева Т.Е., Азизов Қ., және  5В120200-ветеринариялық санитария мамандығы 1-курс студенттері.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты