Новость #431 Статистика

Қыздарға әсемділік жарасады!

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті «Технология және биоресурстар»  факультетінің белсенді студент жігіттері 2017жылдың 7наурыз күні 10ғимарат акт залында ұстаздар мен  қыздар қауымын  8-наурыз  Халықаралық әйелдер күнімен құтықтау мақсатында концерттік бағдарлама қойды.
 
photo
photo

Кештің негізгі қонақтары  Студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы Әшірәлі Жүсіпұлы, «Технология және биоресурстар» факультетінің тәрбие-ісі жөніндегі декан орынбасары  Гүлзат Ғабитқызы, «Мал шаруашылығы және балық өнімдерін өндіру» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары  Бейбіт Тұрғанбекович қыздарымызды құтықтап кешті ашты. Концерттік бағдарламада өнерлі жігіттеріміз жоғары деңгейде кешті жүргізіп, бірнеше қызықты ойындар ұйымдастырып,би мен әнді де жалғады.
 
photo
photo

Ерекше өнерімен қонақ пен ұстаз,қыздарымызды таң қалдырған «Тағам инженериясы» кафедрасының 1курстар бойынша аға куратор Жалелов Дулат ағай мен курс студенті Исқақов Естайдын орындауында «Балбырауын» күйін тартты. Ал қыздарды өз әндерімен ғашық қылған 2курс студенттері Көпжасарұлы Бақыт, Күзенбаев Нұрлан мен Жақсылық Бақытбек. Сағатбек Нұрсултан 2курс студенті де өзінің поэзиялық шығармасы ұстаздар мен қыздардың жүректерін елжіретті. Ұйымдастырылған кеш қонақтар, ұстаздар мен қыздарға өте ұнады, студенттік декан төрайымы Жиенбай Жұлдыз факультет қыздары қауымы атынан ұлдарға алғыс айтып,кештің соңы бимен жалғасты.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты