ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2019 «ЖЕР РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ КАДАСТР» КАФЕДРАСЫНДА - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1382 Статистика

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2019 «ЖЕР РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ КАДАСТР» КАФЕДРАСЫНДА

Қазақ ұлттық аграрлық университеті және «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты «АШАІМИ» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен жерге орналастыру және кадастр мамандықтарын дайындауда бірлесіп жұмыс атқарады. Біздің университетіміздің АШАІМИ құрамында "Жер ресурстары және кадастр" кафедрасының филиалы бар.
Қысқы мектеп-2019 қатысушылары  білім деңгейін арттыру және тәжірибелік дағдыларды меңгеру мақсатында АШАІМИ-де өткен дәріске қатысты. Сонымен қатар, қатысушылар фотограмметриялық жабдықтар жинақталған АШАІМИ РМК музейін аралап, кәсіпорынның 80 жылдық тарихымен танысты.


Кәсіпорын әрқашан инновациялық технологиялардың заманауи жаңалануын қадағалайды және оларды қазіргі заманғы өндіріске енгізеді, біздің республикамыздың ауыл шаруашылығы саласы үшін шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту бойынша әдістер мен инструкцияларды жетілдіреді және әзірлейді.
Бұдан басқа, ол жерге орналастырудың республикалық, облыстық және аймақтық сызбаларын, аумақтарды аймақтарға бөлу және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеу, топырақ геоботаникалық ізденістерді жүргізу, жерді түгендеу, ауыл шаруашылығы жерлерін паспорттау, жерге орналастыру жұмыстарының мониторингі және басқа да түрлерін жүргізу үшін бастапқы негіз болып табылады.


2012 жылдың қазан айында "ГИСХАГИ" РМК директоры болып Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, экономика ғылымдарының кандидаты, "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі", Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры Бегманов Әбдіғали Салбекұлы тағайындалды.


Қысқы мектеп-2019 қатысушыларын Университетіміздің атынан жолсерігі болып «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасынан қауымдастырылған профессоры Джуламанов Таир және ассистенті Асқарова Құндыз бастап барды.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты