Новость #734 Статистика

Қыран құстармен аң аулау: тарихы мен бүгіні

Алматы қаласының, ҚР БҒМ «Зоология институтытында» 24 қараша 2017 жылы «Қыран құстармен аң аулау: тарихы мен бүгіні» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Буралхиев Батырхан Әзімханұлы басқарған «Технология және биоресурстар» факультетінің қолдауымен өтті. Аталмыш конференцияға факультеттің 2 курс студенттері мен эдвайзер-кураторлары: Б.Е. Баймәжі мен Д.Б. Жалелов қатысты.

photo
photo
Құсбегілік – бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық қазақ, қырғыз халықтарында ежелден келе жатқан үлкен өнер ретінде саналады. Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі. Осыған дәлел ретінде осы халықаралық конференцияны алсақ болады. 

photo
photo
photo
Конференция ауқымды әрі өте қызықты өтті. Келген қонақтардың барлығы қатысушылардың баяндамаларымен танысып, студенттеріміз тың мәліметтер естіп қайтты. Мәселен, Нұрлан Өнербаевтың «Ұлттық өнердің ұлы тарауы» атты баяндамасы өте жүйелі әрі өзекті болды.
Ұйымдастырушылар өз тарапынан студенттерге зоология институтының кітапханасын көрсетіп, кішігірім көрме ұйымдастырды.
 
«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
және қауіпсіздігі» кафедрасының
ассистенті Жалелов Д.Б.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты