Құқық бұзушылық профилактикасы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1186 Статистика

Құқық бұзушылық профилактикасы

         Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена  кафедрасының кураторы Толепова Гүлзат Қанибекқызының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 12 - 23 қараша аралығында «Өз құқығыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің» тақырыбында жалпы университеттік Декада (онкүндік) аясында, 20 қараша күні «Ветеринария» мамандығының 4- курс студенттеріне «Құқбұзушылық профилактикасы» атты ақпараттық негіздегі кураторлық сағаты өтті.
 
photo   photo

Онда мынадай тараулар талқыланды:
Бұзушылықты жануарлар немесе табиғат күштері емес, адамдар жасайды. Дегенмен, барлық адамдар ақылға қонымды және белгілі бір жасқа жетуге байланысты қылмыстардың субъектілері бола бермейді.
• Қылмыс - бұл әрекет немесе әрекетсіздікте көрінетін адам мінез-құлқы.
• Қылмыстар заңға қайшы келеді және оларға қайшы келеді.
• Судья тек заңды тұлғалардың кінәсіз мінез-құлқын таниды.
• Қылмыстардың әлеуметтік қауіпті сипаты бар, яғни олар адамға, мүліктің, мемлекеттің немесе тұтас алғанда қоғамның зиянына қауіп төндіреді.

photo
Кураторлық сағаттың барысында студенттердің құқықтары мен міндеттері оқылып, куратор студенттермен ой бөлісті. Өз кезегінде студенттер өздерінің міндеттері туралы айтып, аталған құқықтарға байланысты өз пікірлерін білдірді.
 
 
«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена»
Толепова Г.К.,
Құдайбергенова Ж.Н.,
Толымбекова А.Б.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты