ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚРАуыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Қазақ ұлттық аграрлық университетіне арнайы жұмыс сапарымен барды - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #923 Статистика

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚРАуыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Қазақ ұлттық аграрлық университетіне арнайы жұмыс сапарымен барды

Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Қазақ ұлттық аграрлық университетіне арнайы жұмыс сапарымен келіп, оқу орнының оқу-ғылыми базасымен танысты.
Өмірзақ Естайұлы ГИС технологияларын белсенді пайдаланып, өсімдік аурулары мен зиянкестерді анықтау, су тасқынының болжауы және егістік өнімділігі сияқты ауыл шаруашылығымен байланысты табиғи және басқа да тәуекелдерді дер кезінде, анықтап, мониторинг жасауға мүмкіндік беретін университеттегі «Ситуациялық орталықтың» қызметімен, оқу орны базасындағы Агротехнологиялық хаб құрамына кіретін Қазақстан-Жапон,  Қазақстан-Корей, Қазақстан-Беларусь агроинженерлік, Су  инновациялық орталықтары жұмысымен танысты.

photo
photo
Агротехнологиялық хаб бүгінгі күні сандық технологияларды игерген әлемдік деңгейдегі білікті мамандарды тартуға,  шет елдердегі тың идеялар мен жаңа технологияларды енгізуге және оны Қазақстан жағдайына бейімдеуге, озық инновациялық тәжірибелерді алмасуға молш мүмкіндіктер беруде.
Кездесу соңында Өмірзақ Естайұлы Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер бойынша отандық агроөнеркәсіптік кешенді жандандыру мен аграрлық білім мен ғылымды дамытудағы университет қызметіне оң баға берді.

photo
photo
photo
photo
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттреді түсірген М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты