ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының университетке ресми іс-сапары - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1569 Статистика

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының университетке ресми іс-сапары

Кеше, 11 шілдеде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары – Қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің мүшесі С.Д. Құсайынов, Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің мүшесі С.К.Ахметов, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері С.А.Звольский, М.Б.Теміржанов университетке ресми іс-сапармен келді.
Депутаттар Инновациялық орталықтар мен зертханалардың, Назарбаев білім және ғылым орталығының жұмысымен танысты. Одан кейін қазақстандық компания өкілдері, халықаралық тәуелсіз сарапшылар А.Марко және А.Сигодзинскаялардың қатысуымен университеттің оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті.
 
 
 

Аталған компания «Қазақинвест» АҚ Ұлттық компаниясының арнайы өкілі, сонымен қатар АӨК-ті цифрлендіру бойынша тәуелсіз кеңесші болып табылады. GPI Group оқу бағдарламаларын жаңарту және жаңғырту; жобаларды коммерцияландыру бойынша жұмыстарды жандандыру, университет қызметіне бизнес-қоғамдастықты тарту; халықаралық стандарттарға сай болып, халықаралық ынтымақтастықты күшейту мақсатында корпоративтік басқарудың ашық жүйесін құру бағытында  университетті цифрлық трансформациялау бойынша ақпараттық қолдау көрсетуде. Ынтымақтастық нәтижесінде үрдістер диагностикаланып, «адамдар-үрдістер-технологиялар» тиімді және икемді моделді құруға бағытталған трансформацияның даму стратегиясы әзірленетін болады.
Бірінші аспект – «Адамдар». Мұнда барлық жұмыс адам ресурстарын дамытуға бағытталған. Қызметкерлердің құзіреттілік критерийлері және олардың қызметінің нәтижелілігін бағалауға қатысты ықпалдар (KPI) қайта қаралды. Университеттің оқытушы-профессорлар құрамының 20% – шетелдік ғалымдар, ҒЗИ және өндіріс өкілдері құрайды., кафедра меңгерушілерінің 57% – жас PhD докторлар.
Ағылшын тіліне ерекше көңіл бөлінуде. Ағылшын тілі университет ұжымының негізгі коммуникация тіліне айналуда. ҚР БҒМ «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы бойынша университеттің 150 қызметкері ағылшын тілі курсында оқуда. 1 курстан бастап 200 студент ағылшын тілінде білім алуда.  
Адам ресурстарын дамыту бойынша жобалар портфелі құрылды. Оның мақсаты: таланттарды басқару әдістемесін енгізу, көшбасшылықты бағалау және дамыту, лауазымдарды объективті бағалау, ашық конкурстық іріктеу, мақсаттар және KPI бойынша бағалау, адам ресурстарын басқару жүйесін автоматтандыру.
Келесі аспект – «Үрдістер». Ол қаржылық және бизнес-процесстерді дамыту, ғылым мен өндірісті интеграциялау, ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруды мақсат етеді.
«Технологияларды» өлшеудегі негізгі нәтижелер IT-шешімдер мен оқытудың жаңа форматы болатын болады.
Университеттің трасформациялануына қатысты айтатын болсақ, қазіргі цифрлы технологиялар дәуірі барлық жоғары оқу орындары өздерінің ішкі корпоративтік басқару моделдерін, сондай-ақ оқу үрдісін толық қайта қарауын талап етеді. ҚазҰАУ цифрлі трансформациялану аясында екі негізгі бағытты анықтады.
Бірінші бағыт – басқарудың бірыңғай экожүйесін құру: мемлекеттік және жергілікті атқарушы басқару органдарымен, жоғары оқу орындарымен, колледждермен ашық және үздіксіз өзара қарым-қатынас орнату. Тәуекелдерге бағдарланған және автоматтандырылған басқару жүйелерін құру. Университеттің ішкі бизнес-процесстері үшін үздіксіз жетілу мәдениетін дамыту, заманауи, ауқымды және қауіпсіз ақпараттық технологиялардың архитектурасы мен инфрақұрылымдарын құру.
Екінші бағыт – заманауи оқу үрдісін құру: жаңа интерактивті әдістер мен құралдарды пайдалану, мемлекеттік кәсіпорындарды ғана емес, сондай-ақ жеке бизнесті тарту арқылы теориядан тәжірибеге көшуді қамтамасыз ету. «Логика» мен «Техника» коллаборациясы (ынтымақтастығы), заманауи технологиялар мен IT-құралдарға басты назар аудару.
Оқу орнының жуық арада іске асыруы қажет міндеттер болып негізгі бизнес-үрдістерді автоматтандыру және менеджменттің тиімді жаңа деңгейіне көтерілу, жасанды интеллект механизмін, заманауи өзара коммуникация құралдарын, атап айтқанда чат-боттар, геймификациялар, халықаралық қашықтан оқыту және білім алмасу бағдарламаларын кеңінен пайдалану табылады.
Осы мақсатта халықаралық сарапшылардың қатысуымен Қазақстанда алғаш рет университеттің профессор-оқытушылар құрамы аттестациядан өтуде. Бұл ғылыми таланттарды шоғырландыруға және тиімді менеджментті енгізуге мүмкіндік береді.
Депутаттар ПОҚ-пен кездесу барысында университетте жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, бұл тәжірибені Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарына тарату қажеттілігі жайында пікірлерін білдірді.

 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Фото: М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты