Қош келдің, латын әліпбиі - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1195 Статистика

Қош келдің, латын әліпбиі

Қараша айының 21-ші жұлдызында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Технология және биоресурстар» факультетіне қарасты «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевқа Елордамызда таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісін таныстыруға бағыттылған ашық сабақт өтті.
Іс-шараның мақсаты білім алушыларға латын әліпбиін игерудің оңтайлы жолдарын көрсету.
Ашық сабаққа факультет деканының тәрбие жұмыстары жөніндегі және ғылыми зерттеу жұмыстары жөніндегі декан орынбасарлары мен кафедрамыздың профессор оқытушылар құрамы сондай-ақ, эдвайзер-кураторлар қатысты.
 
 
 
 

«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының 2 курс студенттері бұл іс-шараға аса жоғары дайындықпен келді. ТПП-205К тобының студенттері: Құралбек Аружан, Ережеп Арайлым, Әбділәхатова Дана, Абджалил Балнұр, Орал Камила, Төрешова Айнұр өзара пікір-сайыс ұйымдастырып, көрермендерді түрлі ойындарымен тамсандырды.
Жоғарыда аталған топтың эдвайзер-кураторы Мыржыкбаева Айдана:
«Жаңадан ұсынылған латын әліпбиінің апострофтарда берілгені диграфтардан қарағанда жеңіл есте қалатындығы және оқу барысында оңайлығымен бөлісті. Мұның барлығы жалпыхалықтық талқылаудың толымды нәтижесі».
Жиында ең алғаш болып сөз алған факультеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Апеев Қуаныш пікір-сайыс барысында Елбасының алдында таныстырылған үлгінің тиімділігі және ыңғайлығына тоқталды.
Кеш соңында белсенді студенттерге арнайы алғыс хаттар берілді.
Еліміздің қайта түлеуіне бағытталған көлемді мақалада айтылған бастамаларды алдағы уақытта жұмыла жүзеге асыруға бел байлаған студенттер, дөңгелек үстелден жігерленген күйде тарқасты.

"Тағам өнімдерінің технологиясы және қаіпсіздігі" кафедрасының оқытушылары:
Ашимова П.,
Сарсекеева Ф.,
Мыржыкбаева А.
Жалелов Д. 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты