Коронавирустың белгілері мен сақтану жолдары - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1896 Статистика

Коронавирустың белгілері мен сақтану жолдары

Қытайдың Ухуань қаласынан кенеттен шығып, бүкіл әлемге тарала бастаған коронавируске қарсы сақтық шаралары Қазақстанда да күшейтілуде. Осыған орай, IT-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті, «Кәсіптік оқыту» кафедарсының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Самбеткулова Н.Н ұйымдастыруымен «Коронавирустың белгілері мен сақтану жолдары» туралы тәрбиелік шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға деканның тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Даулетова Ж.И.,  кафедра ұжымымен «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттері қатысты.           
 
Арнайы қонаққа «Медикер» медбикесі  Дүкенбай Әлия Ертісқызы келіп   бүгінде жаңа коронавирустың таралуына байланысты әлем бойынша сақтық шараларына баса назар аударылып отырғанын айтты. Осы аурудың негізгі белгілері мен одан қорғану амалдарын ұсынды.
Шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
 
 

Орындаушылар
«Кәсіптік оқыту» кафедрасының
меңгерушісі 
Скабаева Г. Н.,
аға оқытушы
Самбеткулова Н. Н

Читайте также Жаңалықтар мұрағаты