Новость #187 Статистика

Көңілді тапқыр студенттер өнер көрсетті

24 ақпан күні университетіміздің мәжіліс залында  көңілді тапқырлар клубының (КТК) ойындары өтті. Шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған университетіміздің түлегі

Нұрдәулет Шертім жетекшілік ететін «Лимон шоу» әзіл-сықақ театры.  Бұл ойынның мақсаты Еуропада өтетін КТК-ға үздік команданы іріктеп, таңдап алу. Қазылар алқасының құрамында «Лимон шоу» театрының мүшелері және ҚазҰАУ тәрбие департаментінің директоры Зарина Бүйенбаева болды.

фото
Алты факультеттің намысын қорғаған алты команда шама-шарқына қарай өнер көрсетіп, қазылар көңілінен шығуға тырысып бақты.  Көрермендер тарапынан ыстық ықыласқа ие болып, ерекше көзге түскен, сапалы, сауатты әзіл ұсынған команданың бірегейі «Гидрофак» командасы болды. Команданың капитаны, «Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультетінің 3 курс студенті – Абылайхан Палмағанбетов.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Технология және биоресурстар факультетінің «Қытықтама, өзім күлем» командасы иеленді.

2 орын Гидротехника, мелиорация және бизнес факультетінің «Гидрофак» командасына, 3-орын Технология және биоресурстар факультетінің «Ханшайым» командасына бұйырды.
 

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты