Новость #595 Статистика

Халықаралық волонтерлік бағдарлама өз мәресіне жетті

Қазақ ұлттық аграрлық университеті бүгінгі таңда тек қазақстандықтарға ғана емес, көптеген шет елдік студенттерге де  сапалы білім беретін үлкен оқу ордасына айналып үлгерді.
Университет қабырғасында жыл сайын әлемнің бірнеше университеттерімен келісімдер жасалынып, соның нәтижесінде студент, оқытушылармен алмасулар, тәжірибе бөлісу процесстері үздіксіз жүргізіліп келеді.

photo
photo
Мысалы, өткен күндері Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Халықаралық білім кеңістігіндегі байланыстарды дамытып, тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық волонтерлік бағдарлама бойынша әлемнің ең беделді университеттерінің бірі – Корей Республикасының Кенгбук ұлттық университетінің студенттері келген болатын. 
Кореялық студенттер арнайы 2 білім кредиті көлемінде модульдік білім беру бағдарламасы бойынша дәрістер тыңдап, ғылыми эксперименттер жүргізіп, басқа да шараларға қатысты. Айта кету керек, қонақтарымыз бұл бағдарлама аясында Алматы қаласындағы Жасыл ел штабымен және ҚазҰАУ жастарымен бірге  Медеу шатқалында экологиялық патрульге шығып, табиғат аясын тұрмыстық қалдықтардан тазарту акциясына қатысты. Сондай-ақ еліміздегі бірінші сыра зауытына барып, зауыттың жұмысымен танысып қайтты.
Бүгін университетіміздің Су орталығында аталған Волонтерлік бағдарламаның жабылу салтанаты өтті. Шара барысында оқу орнымыздың бірінші проректоры, академик Қанат Тіреуов, Халықаралық байланыстар және инвестиция жөніндегі проректор Дания Асанова  сөз сөйлеп, бағдарламаға қатысқан студенттерге сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

photo
photo
photo
Сонымен қатар кореялық студенттер тобының  жетекшілері  Кенгбук ұлттық университетінің Саяси ғылымдар және дипломатия кафедрасының жетекшісі, ғылым докторы Хисук Чонг пен Ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары колледжінің профессоры Духван Чонг мырзаға сертификат табыс етіп, қазақы дәстүрмен шабан жапты.
Жиынның ресми бөлімінен кейін кореялық студенттер көңілді  ән айтып, би билеп, таэквандо әдістерін көрсетіп қонақкәде ұсынса, біздің өнерлі жастарымыз  гитара, домбыра сынды музыкалық аспаптарда ойнап, қонақтардың ыстық ықыласына бөленді.
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Архив новостей