«Халықаралық магистрлік жазғы мектеп-2018» жабылу салтанаты өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1003 Статистика

«Халықаралық магистрлік жазғы мектеп-2018» жабылу салтанаты өтті

15-29 маусым күндері аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өткен «Халықаралық магистрлік жазғы мектеп-2018» өз мәресіне жетті. Аталған шара аясында Start-Up жобаларының байқауы өтті.


Бүгін байқаудың қорытындысы бойынша қатысушыларға қаржылай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Оның нәтижесі төмендегідей болды:
1-орын: «Жасыл экономика» мектебі (47,71 балл). Тақырыбы: «JARMART.KZ – Қазақстан Республикасының фермерлеріне арналған кросс-платформа құру». Қазақстан-Неміс университетінің 1 курс магистранты Бабылева Наталья команда көшбасшысы болды. Қатысушылар: Сулейменов Жан, Накисбеков Азамат, Тимошенко Дарья, Ишуан Джан. Сыйақы көлемі – 1000$.


2-орын: «Ветеринария» мектебі (44,14 балл). Тақырыбы: «Бие сүтін диагностикалауға арналған тест жүйесі». Команда көшбасшысы – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 2 курс магистранты Исакулова Бақытжамал. Қатысушылар: Жолдасбайұлы Жандос, Кадырова Балжан.  Сыйақы көлемі – 700$.
3-орын: «Биотехнология және тағам қауіпсіздігі» мектебі (43,14 балл). Тақырыбы: «Mycotton». Сыйақы көлемі – 500$. Команда көшбасшысы – Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің 2 курс магистранты Еркинов Даврон. Қатысушылар: Елтай Акнур, Радченко Павел, Едель Закшевер, Нурдаулет Сункар, Масалдыкова Юлдуз, Садинова Зухро,  Есоналиев Достонжон.
Жалпы магистрлік мектепте 350 адам болды. Оның ішінде, 9 елдің 16 жоғары оқу орнынан 71 магистрант және 10 қазақстандық жоғары оқу орыннан 56 өкілі қатысты.




Қатысушылардың жан-жақты, толық және сапалы білім алуын қамтамасыз ететін маңызды компоненттердің бірі – практикалық дағдыларға баулу. Бұл үшін жазғы мектеп қатысушылары ҚР АШМ ғылыми-зерттеу институттарының және университетпен тығыз байланыстағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Атап айтқанда, Байсерке «Агро» ЖШС, «ҚазҒЗВИ» ЖШС, «Казгипроводхоз» институты, «Первый Пивзавод» ЖШС, «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық», Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ҒЗИ, «ЗаводАГРОТЕХ» ЖШС, «КазСемена» ЖШС, Іле-Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Медеу филиалы, Бас Ботаникалық бағы және бірқатар ғылыми-зерттеу институттары.




Халықаралық магистрлік жазғы мектептің мақсаты – студенттердің, магистранттардың, докторанттар мен жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту және оларды қазіргі заманғы аграрлық ғылымның көкейтесті мәселелерін шешуге, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді индустриялық-инновациялық дамытуға жәрдемдесуге жұмылдыру. Сонымен қатар, халықаралық жазғы мектепке қатысушыларды қазіргі заманғы аграрлық ғылым және бизнес мәселелерін шешуге тарту.
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Магистратура бөлімі,
Суреттерді түсірген М.Ботабеков, Г.Әділхан
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты