«Халықаралық қысқы мектеп - 2018» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #842 Статистика

«Халықаралық қысқы мектеп - 2018»

2018 жылы қаңтар айының 22 жұлдызынан, ақпан айының 03 жұлдызына дейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұйымдастыруы мен магистранттарға арналған «Халықаралық қысқы мектеп - 2018» өз шымылдығын ашты. Аталмыш мектептің ашылу салтанаты 22 қаңтарда университетіміздің бас оқу ғимаратында өтті. Онда алыс жақын шетелдерден  шақырылған қонақтар, ғалымдар мен магистранттар келіп толығымен қатысты.

photo
photo
Ашылу салтанатынан соң талқы мәжілістер мен оқылатын дәрістер, «Технология және биоресурстар» факультетінің «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасында жалғасын тапты. Оқытылған дәрістерді тәжірибемен ұштастыру үшін, «Байсерке-Агро» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде, «Байсерке-Агро» жылқы заводтында, Қазақ жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институтының тәжірибеханаларында зерттеу жұмыстары онан ары тереңдетілді.

photo
photo
photo
Соны мен бірге қысқы мектепке қатысушы қонақтарды, сенбі, жексенбі күндері мерекелік көңіл күй силау мақсатында, Алматы қаласындағы «Мұқтар Әуезов» атындағы мемлекеттік драма және «Ғабит Мүсрепов» атындағы балалар мен жас-өспірімдерге арналған театрларда қызықты қойылымдарды тамашалап, рухани жақтан тәлім тәрбиелер алды. Сондай ақ, қонақтар Алматы қаласының әсемде көз тоймайтын сұлу табиғатынан ләззат алу үшін, Медеу мұз айдыны және Шыңбұлақ тау шаңғы алаңдарында алаңсыз демалуларына кафедра тарапынан жағдайлар жасалынды.

photo
photo
photo
photo
photo
Қысқы мектеп бағдарламасына сай магистранттардың ғылыми жобаларын талдап, зерделеу мақсатында «Старт-ап» жобалары талқыланып, үздіктерін Республикалық жобаларға ұысынылды.
Ақпан айының 03 жұлдызында қысқы мектеп өз мақсатына жетіп, салтанатты жабылу рәсімі өтті. Алыс жақын шетелдерден және Республика аймағын келген магистранттар мен ғалымдар, келесі жылы да осындай тағылымы мол қысқы мектептің жалғасуын асыға күтетіндіктерін білдіріп тарқасты.
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты