Халықаралық "Black Sea Science-2019" студенттік ғылыми жұмыстар Байқауының жеңімпазы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1511 Статистика

Халықаралық "Black Sea Science-2019" студенттік ғылыми жұмыстар Байқауының жеңімпазы

Жылда Одесса тағамдық технологиялар ұлттық академиясының ұсынысымен және оның аумағында Украина білім және ғылым министрлігі, сонымен қатар Black Sea Universities Network Халықаралық ұйымының қолдауымен Халықаралық "Black Sea Science" студенттік ғылыми жұмыстар Байқауы өткізіледі.
Байқаудың мақсаты – халықаралық байланыстарды кеңейту, мамандардың қалыптасуының маңызды факторы ретінде студенттердің ғылыми жұмыстарын белсендендіру, студенттерді ғылыми бағдарламаларға, жобалық, конструкторлық және басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлеріне қатысуға ынталандыру.
Халықаралық "Black Sea Science" студенттік ғылыми жұмыстар Байқауы келесі бағыттар бойынша өткізіледі: Тағамдық ғылым және технологиялар; Экономика және басқару; Автоматтандыру, электромеханика және робототехникалық жүйелерді жасау; IT технология және киберқауіпсіздік; Энергетика және қуаттиімділік; Экология және қоршаған ортаны қорғау. Байқаудың жұмыс тілі – ағылшын тілі.
 
 

Биылғы жылы Халықаралық "Black Sea Science-2019" студенттік ғылыми жұмыстар Байқауына "Тағамдық ғылым және технологиялар" бағыты бойынша Словакия, Беларусь, Украина, Македония, Қазақстан, Мексика, Грузия және Польша елдерінен 34 жұмыс қатысты.
Қазақстаннан 5 жұмыс қатысты, оның ішінде: Қазақ ұлттық аграрлық университеттен – 1 және Алматы технологиялық университеттен – 4. Қазақ ұлттық аграрлық университетінен "Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" мамандығының студенті Сағынова Арайлым қатысты.
Бұл Байқаудың міндетті талабы ұсынылған жұмыс нақты бағыт аумағында өзінің сипаты бойынша басымдылыққа ие, инновационды немесе ізденушілік тұрғыда болуы тиіс. Арайлым ағылшын тілінде "Technology of manufacturing poly-cereal food products" атты тақырыптағы ғылыми жұмыс ұсынды.
Байқау екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезең – сырттай, ол Байқаудың қазылар алқасы мүшелерінің екеуінің рецензиясы бойынша бағаланды. Ғылыми жұмысты рецензиялау кезінде келесі факторлар ескерілді: жұмыс тақырыбының Байқау бағытына сәйкестігі; мәселенің өзектілігі; жұмыс негізіне алынған идеяның жаңалық және кереметтік дәрежесі; зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану; келтірілген негізгі ғылыми нәтижелердің толықтығы және сапасы; плагиаттың болмауы; жұмыстың теориялық маңыздылығы; жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы; жұмысты құрастыру сапасы; жарияланған материалдың ғылыми жұмыс тақырыбымен сәйкестігі.
 

Қазылар алқасы рецензиялау және ғылыми жұмысты ашық талқылау негізінде Сағынова Арайлымның жұмысын көпшілік дауыспен жақсы ғылыми жұмыстардың бірі деп мойындағаны жөнінде шешім шығарды. Бұл Қазақстаннан "Black Sea Science-2019" Байқауының финалдық турына түскен жалғыз жұмыс екенін айта кеткен орынды.
Байқау тәртібі бойынша финалға шыққандар қорытынды семинарға Skype конференция режимінде ғылыми баяндамамен және презентация қорғап қатысулары қажет болатын. Бұл жерден де Арайлым биіктен көріне білді.
"Black Sea Science-2019" нәтижесі бойынша студент Сагынова Арайлымның жұмысы 3-ші дәрежелі сертификатпен марапатталды. Оның ғылыми жетекшісі, т.ғ.д., проф. Оспанов Әбдіманап Әбубәкірұлы да сертификатпен марапатталды және "Black Sea Science-2020" байқауына қазылар алқасы мүшесі ретінде шақырылды.
Халықаралық "Black Sea Science" студенттік ғылыми жұмыстар байқауы ұйымдастыру комитеті атынан Одесса тағамдық технологиялар ұлттық академиясының ректоры, Байқаудың Басшысы Егоров Богдан Викторович Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тлектес Исабайұлы Есполовқа Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қызметкерлері мен студенттерінің 2019 жылғы Байқау жұмысына белсенді қатысқаны үшін шынайы алғыс білдіретін ресми хат жолдады. Ол бұл Байқаудың біздің университеттер арасындағы білім мен ғылым саласындағы қарым-қатынас орната бастаудың керемет мүмкіндігі атап көрсетті және Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттерін 2020 жылы болатын Халықаралық "Black Sea Science" студенттік ғылыми жұмыстар Байқауына қатысуға шақырды.
Ғылыми жетекшіге және Байқау жеңімпазына сертификаттар тапсыру мерекелік жағдайда өтті. Сертификаттарды ҚазҰАУ ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Курдеко Александр Павлович тапсырды. Ол жеңімпаздарды құттықтады және оларға келешекте ғылыми жұмыстарда шығармашылық табыстар тіледі.
 
 
"Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасының профессоры
Тимурбекова Айгуль Кулахметовна
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты