Хайуанаттар бағына 765 кг емен жаңғағы өткізілді - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #316 Статистика

Хайуанаттар бағына 765 кг емен жаңғағы өткізілді

2016 жыл 5 қараша күні Қазақ ұлттық аграрлық университеті  Жастар саясаты бөлімінің  ұйымдастыруымен, технология және биоресурстар факультетінің белсенді студенттері және «Шапағат» қоғамдық қозғалысының  мүшелері   Алматы қаласы хайуанаттар бағына 765 кг емен жаңғағын өткізіп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Хайуанаттар бағы әр күзде  жаңғақ өткізу науқанын ұйымдастырады. Ережеге сай 10 кг жаңғаққа үлкендер билеті ал 3кг жаңғаққа кішкентайларға арналған билет сыйға тарту етіледі.  Жарты тоннадай емен жаңғағын еріктілер арасында өткізу бұрын соңды болмаған екен.

photo
Университетіміздің белсенділері  билеттерді балалар үйіне өткізетінін айтты.  Емен жаңғағы хайуанаттар бағында өмір сүретін түйе, лама, піл, доңыз, пони жылқыларына қыс бойы азық болады. 1 ай бойы күздің құбылмалы ауа райына қарамастан жаңғақ терген  белсенді студенттердің қуанышында шек  жоқ. Аталмыш іс шараны Алматы телеканалы түсірімге түсіріп, кешкі репортажда жаңалықтардан көрсетті.

photo
        
ҚазҰАУ баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты