Новость #978 Статистика

ҚазҰАУ-да қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай дөңгелек үстел өтті

    Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми кітапхана залында 31 мамыр күні – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға жазушы, публицист, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Орынбекұлы Қойшыбаев және кафедраның профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты.
     Біздің еліміз үшін ерекше маңызы бар осы күн Елбасының Жарлығымен 1997 жылдан бастап аталып өтілуде. Ғалым Бейбіт Орынбекұлы саяси қуғын- сүргін және ашаршылықтан жапа шеккен азаматтар мен көшбасшылар тарихы, сондай-ақ оның туындау себептері туралы айтып өтті. Сонымен қатар, осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу қажеттілігіне тоқталды.
 

     Сондай-ақ, жиын барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
     Жиын соңында «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, профессор Досалы Салқынбек сол оқиғалардың құрбандықтарын ұмытпау маңыздылығы туралы баяндап, осы шараға қатысқан Бейбіт Орынбекұлына алғысын білдірді.    


ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты