Новость #607 Статистика

ҚазҰАУ-да Білім күні мерекелік шарасы өтті

Аграрлық салада білім алатын болашақ мамандарға Қазақ ұлттық аграрлық университеті есігі айқара ашты. Қазақ аграрлық ғылым-білімінің жетекшісі - Қазақ ұлттық аграрлық университеті беделді ғылыми мектебімен, қуатты материалдық-техникалық базасымен, білікті ғылыми әлеуетімен  ерекшеленеді.
Университет бас ғимаратының алдында өткен салтанатты шарада сахнаға әскери ұландар ҚР Мемлекеттік Туын алып шығып, ҚР Мемлекеттік Гимн орындалды. Мерекелік шараға жиналғандарды университет ректоры, академик Тілектес Есполов  Білім күнімен құттықтап, басталған оқу жылының табысты өтуіне тілегін білдірді.
Ректор өз сөзінде  «­ ­- Биыл қасиетті Құрбан Айт мерекесі Халықаралық Білім күнімен сәйкес келіп отыр. Бұл жақсылықтың нышаны. Баршаңызды Құрбан айт мерекесімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Отандық ауыл шаруашылығы білімі мен ғылымының көшбасшысы – Қазақ ұлттық аграрлық университеті бүгінгі күні заман талаптарына сай жаңа бағытта даму үстінде.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы университет жұмысына оң баға беріп, білім сапасын арттыру, жаңа формациядағы мамандар мен ғалымдарды дайындау, ғылыми жобалардың нәтижесін өндіріске енгізу, тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, білім-ғылым-өндіріс интеграциясын дамыту мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі кезде жастарға мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетілуде. Сондықтан, университетімізге қабылданып жатқан жастарымыз – бәсекеге қабілетті, озық біліммен қаруланған, ауыл шаруашылығы саласында инновациялық технологияларды игерген, жаңаша ойлайтын білікті маман болып шығуы тиіс.
Құттықтау сөзден кейін Тілектес Исабайұлы 8 жасар қыз баланы зорлықтан аман алып қалған Тимурбек Жамалладиновты ортаға шақырып, ерлігін көпшілікке паш етті. Жастарға үлгі етті.
Өткенге шегініс жасасақ, бейбіт күннің батыры Тимурбектің ерлігіне құрмет ретінде ол Қазақ ұлттық аграрлық университетіне оқуға қабылданды. Қазір Тимурбек «Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының студенті.

photo
photo
Жаңа оқу жылы біздерге жаңа міндеттер жүктейді. Биылғы оқу жылына университетімізге мыңнан астам студент мемлекеттік грант бойынша, 20-дан астам студент облыстық гранттар есебінен қабылданды. Бұған қоса мыңнан астам талапкер оқуға ақылы келісім-шарт негізінде қабылданды.
Магистратураға бөлінген 400 гранттың 336-ы «Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» бойынша қабылданды. Сонымен қатар 60-тан астам PhD докторант аграрлық білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.
Жалпы есеппен алғанда, университетіміз биыл үш мыңға жуық жастарды оқуға қабылдап отыр. Бұл – бұрынғы жылдармен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш. Осының өзі біздің университетке деген зор сенімнің уақыт өткен сайын артып келе жатқандығын көрсетеді.

photo
photo
photo
Бірінші курс студенттерінің есінде осы күн ерекше қалу үшін шараны ұйымдастырушылар барынша қызықты әрі мазмұнды өткізуге тырысты. Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Дәуренбаева Жанар Әбжанқызының басшылығымен өнерлі жастардан құралған топтың ұсынған мерекелік концерті университет табалдырығын алғаш аттаған жастар мен ата-аналарға, жалпы ерекше көңіл-күй сыйлады. Бас ғимараттың алдында мерекелік көңіл-күй мен әсем әуен қалықтады.
 
ҚазҰАУ-дың Баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген М.Ботабеков.
Читайте также Архив новостей