Новость #584 Статистика

ҚазҰАУ жастары EХPO-2017 Халықаралық көрмесіне барып қайтты

Жуырда университетіміздің белсенді студенттері мен «Жасыл ел» студенттік құрылыс отрядының ерекше белсенділік танытқан 25 студенті Елордамыз  Астанада өтіп жатқан EXPO-2017 Халықаралық көрмесін көрмесін тамашалап қайтты. Оқу орны жастарын университеттің Студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы Әшірәлі Сманов бастап барды.
Бүгінгі күні әлем назары ауып отырған бұл көрмеге шетелдік меймандармен қатар еліміздің әр түкпірінен адамдар ағылуда. Елеулі шараға Алматы қаласындағы ұлттық университеттердің көшін бастап ең алғаш болып дәл біздің оқу орнымыздың студенттері алғашқылардың бірі болып барды.

photo
photo
Бізді ерекше әсерге бөлеген – ЭКСПО-ның басты ғимараты – алдыңғы қатардағы технологиялар пайдаланып шар түрінде салынатын Қазақстанның ұлттық павильоны. Шар пішінді салынған басты нысанда футуристік дизайнді бұзбай электр энергиясын өндіруге мүмкіндік беретін жаңа фотоэлектр технологияларды қолданады екен. Павильон желіден электр энергиясын тұтынуды төмендетуді қамтамасыз етеді. Сфераның тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясының мұражайы» ретінде беріледі. Сфера табаны маңында 5000 кв. м. аумақта екі негізгі аймаққа бөлінген Ұлттық павильон орналасады. Қазақстанмен танысу аймағы келушілерді Қазақстанның жер бедерімен, мәдениеті, тарихы, қазіргі жағдайы мен келешегімен таныстырады. «Жасампаз энергия» аймағында «жасыл экономика» тақырыбы бойынша отандық ғалымдардың үздік жобалары қойылыпты.

photo
photo
«Нұр Әлем» сферасы жайлы айтылар сөз көп. Әсіресе 8 қабаттағы әйнек көпірдің үстінен өткен кездегі адреналинді атпай кетпеске болмас. «Нұр Әлем» сферасының әр қабаты болашақтың әр энергиясын баяндайды. Мысалы: жел, күн, су, кибернетика және т.б Ұлттық ғылымымыздың қарыштап дамып, өркендеп жатқанының дәлелі десем сөздерімнің ақиқаты ашықталғандай. Аталмыш көрмені ұйымдастырудағы ең басты мақсаты экология тұрақтылығын сақтай отырып, сарқылатын пайдалы қазбаларымызды үнемді пайдалану және баламалы энергия көздерін табу арқылы болашақтың мәңгі жасыл энергиясын көрсету болды деп түсіндік. Германия павилионындағы тоқпен жүретін BMW маркалы машинасы, сондағы лазерлік шоу, Рессей павилионындағы Солтүстік Мұзды мұхитының айсбергі, Франция, Ұлыбритания және АҚШ павилионындағы көріністер бізді нұрлы болашақ күтіп тұрғанын айтатындай әсер қалдырды. Арман қала Астанадан шаттанып, аман-есен сүйікті оқу орнымыздағы жұмысымызға оралдық.

photo
photo
Әйгілі көрмеге дүниежүзінің әр бұрышынан келген шетел қонақтары қазақтың қонақжайлылығына, еліміздің әсем табиғатына, Сарыарқа төсінде бой көтерген Астана қаласы құрылысына, жалпы көрменің ұйымдастырылуына айрықша таңданыс білдіруде.
Ұлық болсаң, кішік бол демекші, бізді қатты қуантқаны, аталған сапарды бәріміз үшін ұйымдастырып, қолдау көрсеткен ректорымыз, академик Тілектес Исабайұлы телефон шалып, балалардың қал жағдайын біліп отырды.
Біз, жалынды жастар, ЭКСПО көрмесінен ғылым-білімге деген ерекше шабыт алып қайттық. Саяхатымыз өте қызықты болды. ҚазҰАУ жастары – біз бақыттымыз!
 
Мейірханұлы ЖАСҰЛАН,
ҚазҰАУ студенттік ректоры,
2курс студенті
 
 
Читайте также Архив новостей