Новость #251 Статистика

ҚазҰАУ түлектері диплом алды

Үстіміздегі жылдың 1шілде күні университет түлектеріне диплом табыстау рәсімі болып өтті. Айтулы шараға білім ордасының оқытушылары мен бітіруші түлектердің ата-аналары мен туыстары да қатысты. 
Салтанатты рәсімде университет ректоры, академик Тілектес Есполов құттықтау сөз сөйлеп, бакалавриат пен магисратураны бітіруші түлектергі өз қолымен дипломдарын табыс етті.

    
   Алдағы  6-ыншы шілдеде Қазақстан халқы Астана күнін атап өтпек. Сол себепті, университеттегі диплом тапсыру шарасы мемлекетіміздің Елордасы – Астана күні мен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткізіп отырмыз. Өйткені Елбасымыз өз қолымен тұрғызған Астана – кемел келешегіміздің тірегі, егемендігіміздің тұғыры екені даусыз.



Биыл университетіміздің алты факультетін бакалавриаттың күндізгі бөлімін 712 студент, сырттай бөлімін 116 студент бітіріп отыр.
Магистратура бойынша 500  адам білім алуда. Оның 100-і интеграция бойынша. Докторантураны 33 адам бітіргелі отыр.
Биылғы оқу жылының жалпы қортытындысы бойынша Үздік белгімен дипломдар:
Агробиология және фитосанитария – 38;
Инженерлік мамандықта – 15;
Гидротехника, мелиорация және бизнес – 23;
Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс – 6;
Технология және биоресурстар – 20;
Ветеринария – 86.
Осы ретте үздік бітірушілер қатары жыл сайын өсу үстінде және түлектеріміздің жұмысқа орналасу көрсеткіші де жыл сайын артып отырғанын айта кетуіміз керек.
 
Тілектес ЕСПОЛОВ, ҚазҰАУ ректоры, академик:

 Құрметті түлектер – ғылым магистрлары! Бүгін Сіздер жоғары білім алған киелі қара шаңырақ, алтын ұяларыңыздан қанат қаққалы тұрсыздар. Кеше ғана ауылдан келіп терең білім алып, бүгін білікті маман иесі атанып отырсыздар.

      Баршаларыңыз ізденіс пен талпыныстың арқасында үлкен өмірге жолдама болатын – диплом алу бақытына қол жеткіздіңіздер. «Оқу-инемен» құдық қазғандай. Бұрынғы бабаларымыз: «білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп» - деген. Сондықтан, өз болашағыңды қалыптастырудың кілті тек қана білімде екенін естен шығармаңыздар.
Қазіргі уақытта университет еліміздегі аграрлық-индустриалды білім мен дамудың  ғылыми, инновациялық ошағына айналып, ауылшаруашылық саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға айтарлықтай атсалысып келеді.

Былтыр ғана 85 жылдық тарихын атап өткен оқу орнымызқазіргі кезде әлемдік талаптарға сай ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану жұмыстарын жүргізуде. Түлектердің алған біліміне, ғылымына қарап, Жоғары оқу орнының деңгейі анықталатыны сөзсіз. Сондықтан Сіздерге еліміздің агроөндірістік кешеніне заманауи, инновациялық жаңалықтар алып келетініне үлкен сенім артамыз.
Өздеріңіз бітірген Университет жетістіктері алдағы кезеңдерде де мол табыстармен жаңа биіктерді бағындырып, сіздерден кейінгі түлектерді де жаңа ізденістерге қанаттандыра бермек.
Университет қабырғасында алған білімідеріңізбен Егемен Еліміздің өркендеп-дамуына елеулі еңбек үлесін қосып, Отандық аграрлық саланың білікті маманы болатыныңдарыңызға біздің сеніміміз мол.
Тәуелсіз еліміздің гүлденіп, өсіп-өнуіне лайықты қызмет ету жолында баршаңызға зор денсаулық, мол табыстар тілеймін!
 
Диплом табыс ету рәсімі, белгілі өнер шеберлерінің концертіне ұласты.
Шараны түйіндеген ректор, Қазақ ұлттық аграрлық университеті еліміздегі аграрлық саланың ғы­лыми элитасын қалыптастырып отырған бірегей оқу орны еке­нін, себебі онда прогресшіл ғы­лы­ми инфрақұрылымның барлығын, сонымен қатар оқу орны базасында бірнеше инновациялық орталықтар мен зертханалардың орналасуы– ғалымдар мен жас ізденушілерге ау­қымды ғылыми-зерттеу жобаларын, зерт­теу­лерін іске асыруға мүмкіндік беретіндігін айта кетті.

photo

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты