Новость #56 Статистика

ҚазҰАУ түлектерге диплом табыс етті

Үстіміздегі жылдың 1-3 шілде аралығында университет түлектеріне диплом табыстау рәсімі болып өтті. Айтулы шараға білім ордасының оқытушылары мен бітіруші түлектердің ата-аналары мен туыстары да қатысты. Қалай десек те, бұл күн биылғы университет бітіріп, үлкен өмірге қанат қаққан түлектердің есінде ұзақ сақталмақ.
 
Салтанатты рәсімде университет ректоры, академик Тілектес Есполов құттықтау сөз сөйлеп, бакалавриат пен магисратураны бітіруші түлектергі өз қолымен дипломдарын табыс етті. Жекелеген түлектерге оқу орнының оқу, біліммен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқаны үшін арный алғыс хаттар берілді.

Тілектес ЕСПОЛОВ, ҚазҰАУ ректоры, академик:
- Құрметті түлектер – ғылым магистрлары!
Сіздерді магистрлік диплом алуларыңызбен құттықтаймын!
Бүгін барлықтарыңыз да жоғары білім алған киелі қара шаңырақ, алтын ұяларыңыздан қанат қаққалы тұрсыздар.
Қазіргі уақытта университет еліміздегі аграрлық-индустриалды білім мен дамудың  ғылыми, инновациялық ошағына айналып, ауылшаруашылық саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға айтарлықтай атсалысып келеді.
Қазақ ауыл шаруашылығы білімі мен ғылымының көшбасшысы саналатын Қазақ ұлттық аграрлық университеті бүгінгі күні 85 жылдық белеске аяқ басып, заман талабына сай жаңаша бағытта даму үстінде. Қазіргі таңда оқу орнымыз әлемдік талаптарға сай ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану жұмыстарын жүргізуде.
Түлектердің алған біліміне, ғылымына қарап, Жоғары оқу орнының деңгейі анықталатыны сөзсіз. Сондықтан Сіздерге еліміздің агроөндірістік кешеніне заманауи, инновациялық жаңалықтар алып келетініне үлкен сенім артамыз.
Өздеріңіз бітірген Университет жетістіктері алдағы кезеңдерде де мол табыстармен жаңа биіктерді бағындырып, сіздерден кейінгі түлектерді де жаңа ізденістерге қанаттандыра бермек.
Университет қабырғасында алған білімідеріңізбен Егемен Еліміздің өркендеп-дамуына елеулі еңбек үлесін қосып, Отандық аграрлық саланың білікті маманы болатыныңдарыңызға біздің сеніміміз мол.
Тәуелсіз еліміздің гүлденіп, өсіп-өнуіне лайықты қызмет ету жолында баршаңызға зор денсаулық, мол табыстар тілеймін!

Үш күнге созылған диплом табыс ету рәсімі, белгілі өнер шеберлерінің концертіне ұласты.

Шараны түйіндеген ректор, Қазақ ұлттық аграрлық университеті еліміздегі аграрлық саланың ғы­лыми элитасын қалыптастырып отырған бірегей оқу орны еке­нін, себебі онда прогресшіл ғы­лы­ми инфрақұрылымның барлығын, сонымен қатар ҰҒА-ның аграрлық бөлімшесінің аталмыш оқу орнын­да орналасуы – ғалымдар мен жас ізденушілерге ау­қымды ғылыми-зерттеу жобаларын, зерт­теу­лерін іске асыруға мүмкіндік беретіндігін айта кетті.

photo
фото
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген М. Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты