Новость #294 Статистика

ҚазҰАУ студенттері АСМ 2016 бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының ¼ финалына қатысты

Инженерлік факультетінің "Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар"  кафедрасының студенттері 22 қазан 2016 жылы Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында өткен АСМ 2016 бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының ¼ финалына қатысты.  
ACM олимпиадасы — командалық жарыс. Әр команда үш қатысушыдан тұрады. ҚазҰАУ-дан екі команда қатысты: Intellect (Сүйіндіков Адайбек, Оқасов Азамат, Рахимкулов Әмірхан, жаттықтырушы: Кальпеева Ж. Б.), Intellect 2 (Илахунов Амирдин, Камолов Нұрғали, Теняков Матвей, жаттықтырушы: Дильмагамбетова Б. М.)
Басқа информатика олимпиадаларынан бұл олимпиада есептерінің санының көптігімен және салыстырмалы түрде аз уақыт бөлінетіндігімен  ерекшеленеді. Әр команданың иелігінде тек қана бір компьютер болғандықтан командалық жұмыстың тиімді және үйлесімді дағдылары бірінші қатарға шығады.
Бағдарламалау бойынша Халықаралық командалық чемпионаттың тарихы 1970ж Техас университетінен басталған. Чемпионат қазіргі өзінің келбетін ACM ғылыми конференция бірінші финалы аясында 1977 жылы  қабылдады, содан бері жыл сайын өткізіледі.
Олимпиаданы ұйымдастырушы компьютер әлеміндегі ықпалды ұйымдардың бірі  Association for Computer Machinery (ACM), ал соңғы жылдары жарыстың демеушілері IBM және Microsoft компаниялары. 1977 жылдан 1989 жылдар арасында олимпиадаға көбінесе жарысқа АҚШ және Канада жоғары оқу орындарының өкілдері қатысатын. Қазіргі уақытта олимпиада дүниежүзілік жарысқа айналды.
photo
photo

photo

Студенттерімізді құттықтаймыз және кәсіби бағдарламалауда шығармашылық табыстар тілейміз!
"Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар"  кафедрасы
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты